Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
01/11/26 Воскресенье

«Қамқор жүрек» – мейірім мен даналық мекені

Выпуск - №38(686)   :   10.10.2025
383

1

Қостанай қаласындағы №54 бөбекжайда жаңа әрі игі дәстүр – «Қамқор жүрек» атты әжелер мектебі өз жұмысын бастады. Бұл атау жүрекке жылы, шынайы, отбасылық жылулықты сезіндіретіндей болсын деп «Әже сыры шай үстінде» деген атау бердік.

Біздің мақсат – әжелердің тәрбиелеу үдерісіне белсенді қатысуына жағдай жасау, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, балаларға үлкендердің бойындағы халық даналығы мен жақсы дәстүрлерді жеткізу. Балаларды жаман мен жақсыны ажырата білуге, үлкенді сыйлап, кішіні аялауға, туған тамырын, халқының дәстүрін қастерлеуге үйрету – басты бағыттарымыздың бірі.
Алғашқы кездесуіміз дөңгелек үстел түрінде өтті. Ол «Жылулықты жеткіз» атты жылулық шеңберімен басталды. Балабақша тәрбиешілері балаларға әжелерімен бірге өткізген әр сәттің жылулық пен қуанышқа толы болуына көмектесетін ойларымен бөлісті. Кездесуде мынадай маңызды тақырыптар талқыланды: мектепке дейінгі жастағы баланы тәрбиелеудегі әженің рөлі; бүгінде немерелер үшін маңызды қолдау мен қарым-қатынас түрлері; баламен дұрыс әрі жылы қарым-қатынас құру жолдары.

2

Іс-шара барысында тәрбиешілер жаңа дәстүрлерге қатысты қызықты идеялармен бөлісті: «Ертегі айту кеші», «Әженің құпиялары күні», «Отбасылық серуендер», «Отбасылық естелік фотоальбомы», «Немерелерге хат», «Жылулық қосатын ойындар», «Ертегі кубигі». Осы кездесу соңында «Кездесуден қалған шуақ» атты рефлексия өткізілді. Бұл алғашқы жүздесу болса да, әжелеріміздің бойында қаншама байлық – білім, тәжірибе, салт-дәстүр мен жан жылуы бар екені анық байқалды.
«Қамқор жүрек» мектебі – осы асыл қазыналар балалар үшін жаңғыратын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын орынға айналып отыр. Енді бұл мектеп әжелер үшін тәжірибе алмасып, отбасы құндылықтарын ұрпаққа жеткізетін орта болмақ. Кездесу соңында әжелер өз пікірлерін білдірді: «Мұндай жылы атмосферада өткен кездесуді ұйымдастырған баршаңызға шын жүректен алғыс білдіреміз. Бұл басқосу мейірім мен дәстүрдің, сүйіспеншілік пен даналықтың қуатын сезінуге мүмкіндік берді. Бір-бірімізбен пікір алмасып, ақыл-кеңес айтып, тәжірибелерімізбен бөлістік. Немерелерімізге көрсеткен қамқорлықтарыңыз үшін ерекше рақмет! Осындай жүректен шыққан, қуанышты кездесулер жалғасын таба берсін».

Кунслу ДАУРЕНБЕКОВА,
№54 бөбекжай тәрбиеші,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.