Бала – біздің өміріміздің жалғасы болса керек. Ұрпақ жаңғырту, артыңнан ізіңді қалдыру – адамзаттың жойылып кетпеуінің бірден-бір себебі. Сол себепті бүгінгі өскелең ұрпақ – ертеңгі болашағымыз деп сеніммен айта аламыз.

«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз», – деп пікірін білдірген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Осыған орай Қостанай қаласында ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған қайырымдылық кеші ұйымдастырылған болатын. Аталған шараның ерекшелігі – осы кешке әр балабақшаға қолдан 15 ойыншық жасау тапсырылды.
Алдымыздағы әрбір бала – қайталанбас бір әлем десек, сол әлемге терең үңіліп, оның басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу, мейірімділік сияқты адами асыл қасиеттерді қалыптастыру – осынау игі шараның басты мақсаты еді. Өзім қызмет ететін №6 бөбекжай бақшасы да айтулы іс-шараға белсене ат салысып, ортаңғы «Көбелек» тобының тәрбиеленушісі Хан Қожахмет өз қолымен жасаған ойыншығын ұсынды.
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан», – деп дана Абай жырлағандай, кішкентай жүрегімен қайырымдылық жасаудан қалыс қалмаған бүлдіршін Ханға сөзсіз сүйсінерсің. «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ» демекші, баланың отбасын, елін сүйіп өсуіне және жақсы азамат болып қалыптасуына қоғам болып осылайша ықпал етсек – бұл болашағымызға жасалған ізгі іс болмақ.
Әсел МЕРГЕНБАЕВА,
№6 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.