«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ұлттық жобасының бір бағыты: «Оқитын бала, оқитын отбасы, оқитын ұлт» жобасы. Жастар – егемен елдің болашақ үміті, ертеңгі иесі болғандықтан, оларды қолдап, жағдайын жасау – бағыттың негізгі мақсаттарының бірі.

Ата-ана – баланың өмірлік ұстазы әрі тәрбиешісі, сондықтан баланың болашағының жарқын болуы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты болмақ. Біздің балабақшада жобаны қолдау аясында «Оқитын бала, оқитын отбасы, оқитын ұлт» кітап бұрыштары бар. Аталмыш жобаны бастауымыздың негізгі мақсаты – балаларды жан-жақты білімді, парасатты, мәдинетті етіп тәрбиелеу. Халқымыз – рухани мол байлықтың мұрагері десек, сол ата-бабаларымыздан бері қарай ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұраны жастарға жеткізіп отыруымыз қажет.
Кітап оқуға қызығушылық ерте жастан қаланады және осы жерде көп дүние ата-анаға байланысты. Себебі отбасы – баланың тұлғасын дамытудығ басты ортасы саналады, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік сонда қалыптасады. Яғни, бала тәрбиесінде ата-ананың, отбасының рөлі зор. Ата-аналармен бірлесіп осы жобаны бастауымыздың да мәні осында жатыр. Балаға кітап алудың да жауапкершілігі жоғары. Ең басты шарт – кітап баланың жасына сай таңдалуы қажет. Білімнің қажетті қорын бала мектепке дейін игереді. Зерттеушілер бала өмірінің алғашқы бес жылын «Ғажайыптар жылдары» деп атайды. Оқып, үйренбестен бұрын бала сөйлеу қабілетін, тыңдауды және білуді жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс.
Кітап оқу – баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Біздің балалар кітаптың құдіретін түсінеді. Оны жыртпайды, мұқият тыңдайды. Тыңдаған ертегілерін сахналау арқылы көрсетеді. Бұндағы басты мақсатымыз – баланың кітапқа деген қызығушылығын артыру.
Жанна ХАЖМУРАТОВА,
№14 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.