Қоғамдағы татулықтың тірегі

Выпуск - №34(682)   :   12.09.2025
482

1

«Тілдер туралы» Заң 1989 жылдың 22 қыркүйегінде қабылданған болатын. 1998 жылдан бастап бұл күн мереке ретінде тойланып келді. Уақыт өте атаулы датаның күні өзгертіліп, 2017 жылдың күзінде Үкімет қаулысымен «Тілдер күні» 5 қыркүйекке ауыстырылды.

Осы мереке қарсаңында Қостанай қаласындағы №16 бөбекжайында ересек және мектепалды даярлық топтары арасында қазақ тілі мұғалімі мен музыка жетекшісінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жас ұрпақты ана тілінің қасиетін сезініп, мәртебесін көтеруге баулу және танымдық қабілеттерін дамытуды көздеген мерекелік іс-шарада балаларды тілді құрметтеуге тәрбиелеу де негізгі міндеттердің бірі болды.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілер мерекеге арналған өлеңдер оқып, әндер орындап, ұлттық ойындарға қатысты. Іс-шара балаларға көңілді сәттер сыйлап қана қоймай, олардың сана-сезімінде тілдің ұлттар бірлігін сақтаудағы және адамдардың арасындағы татулықты нығайтудағы рөлін түсінуге мүмкіндік берді. Мереке соңында балалар тәтті шашумен қуанышқа бөленді.

Раушан ИМАНКУЛОВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Анна ГОРБУШИНА,
музыка жетекшісі, №16 бөбекжай,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.