Қостанай қаласындағы №61 бөбекжай-бақшаның ересек топтар арасында 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Ай дидарлы анашым» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Қар астынан қылтиып бәйшешек бой көтергенде көктемнің алғашқы хабаршысындай болып, Аналар мерекесі келеді. Мерекеге орай әсем безендірілген сахнаға көңілді музыка ырғағымен балалар залға билеп кіріп, «Апамызды сыйлайық» әнін орындады. Артынша көктем мезгілінің қызығы туралы балалар деректер келтіріп, Көктем аруын ортаға шақырып, бірлесе «Көктем» әні шырқалды. Мерекелік іс-шара барысында топ тәрбиеленушілері ортаға шығып, аналары мен ардақты әжелеріне өлең жолдарын арнады. Гүлдей жайнаған қыздарымыз ортаға шығып, «Гүлдер» биімен мерекенің сәнін келтірді.

Балалардың өнерін тамашалаған Көктем аруы сөз алып: «Жарайсыңдар балалар, сондай жақсы әсердемін. Манадан бері бар өнерлеріңді ортаға салып, аналарыңды құттықтап жатырсыңдар, мен де өз атымнан аналарыңды осы көктем мерекесімен құттықтаймын», – деп, балалармен қоштасып, артынша мерекеге Кәмпит қыз келіп, қызықты сұрақтарын қойып, дұрыс жауап бергендерге тәтті кәмпит сыйлады. Іс-шара барысында «Күлгін шеңбер», «Сұлу ана» сынды ойындар да ойнатылып, мерекенің шырайын келтірді. Аналарға арналған мереке «Айнайлайын ақ мамам» әнімен керемет нотада өз мәресіне жетті.
«Мерекемен құттықтайды аналар, апайлар мен балалар,
Балабақшадан тәрбиеленіп шығады,
Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі даналар.
Аналардың кең ғой әркез жүрегі,
Бүлдіршіндерді еркелетіп жүреді,
Жақсы азамат болу үшін ұрпағы,
Балаларына көңілін көп бөледі.
«Жидек» тобының кішкентай қыздарын,
Құттықтады құрбы-құрдас ұлдары,
Әркезде де бақытты болыңыздар,
Шаңырақтың жауқазындай гүлдері.
Балабақшаның апайлары қымбатты,
Аяулы да кішіпейіл, сымбатты
Жақсы тәрбие бергендеріңіз үшін,
Тілейміз біз сіздерге бар бақытты».
Алмагул ЖУМАБАЕВА,
Жанар ИБРАЕВА,
№61 бөбекжай-балабақшаның тәрбиешілері,
Қостанай қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.