Әулиекөл ауданындағы «Айгөлек» бөбекжайының ұжымы ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырды.
Мерекелік іс-шаралар аясында «Менің елім – бақыт мекені» атты балалардың шығармашылық көрмесі өтті. Бүлдіршіндер бейбітшілік, достық және туған өлке тақырыптарында түрлі суреттер салып, қиялдарын қағаз бетіне түсірді. Сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер туралы қысқаметражды мультфильмдер көрсетіліп, балалармен бірге оның мәні мен маңызы талқыланды.
«Мен – Қазақстанның ұланымын» атты ашық әңгіме-сабақтар да ерекше қызығушылық тудырды. Онда балаларға қарапайым, түсінікті ұғымдар – есім құқығы, отбасыға, қорғауға құқығы жайлы түсініктер берілді. Іс-шаралар диалог, ойын, баспа ойындары, пазлдар арқылы қызықты форматта өтті. Бүлдіршіндер өлең оқып, ән айтып, шағын көріністер қойып, өз өнерлерін де ортаға салды.
«ҚР Конституциясына – 30 жыл» атты ақпараттық бұрыштар безендіріліп, «Біз – біргеміз!», «Менің отбасым және Заң» атты бірлескен акциялар мен фотобайқаулар ұйымдастырылды. Осы аталған жұмыстарға ата-аналар да белсенді қатысып, отбасылық флешмобтар мен викториналарға атсалысты. Сондай-ақ «Ата Заңым – айбарым» атты мерекелік іс-шара балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеуді көздеді.
Осылайша әрбір топқа берілген тапсырмалар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылып, олардың нәтижелері Instagram әлеуметтік желісіндегі бөбекжайымыздың жеке парақшасында жарияланып отырды. Бұл балалардың шығармашылығын көрсетуге, топтық жұмыста белсенді болуға, сонымен қатар олардың құқықтық білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік берді.
Аталған іс-шаралар бүлдіршіндер үшін ерекше әсер қалдырып, олардың бойында елін сүю, Заңға құрметпен қарау және отбасы мен қоғамға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырды. «Айгөлек» бөбекжайының ұжымы тәрбиеленушілерді осындай маңызды тақырыптармен таныстыру арқылы саналы ұрпақ қалыптастыруға ұмтылып келеді.
Рузагул СӘТМЫРЗАҚЫЗЫ,
«Айгөлек» бөбекжайының әдіскері,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.