Мерейі үстем болған Айару

Выпуск - №44(491)   :   13.11.2021
600

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 20-сы мен қазан айының 23-і аралығында «Алтын күз» атты III Республикалық балалар шығармашылығы байқауы өтті. Оған қаламыздағы «Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі де қатысып, жеңімпаз атанды.

Қарағанды қаласындағы «Білім» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты ұйымдастырған байқауға еліміздің барлық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілері, мектепалды даярлық сыныптарының оқушылары қатысу мүмкіндігіне ие болды. Еліміздің жас дарындары «Сурет байқауы», «Мәнерлеп оқу», «Музыкалық шығармашылық», «Фотография», «Поделка» номинациялары бойынша бақ сынады. Еліміздегі жағдайға байланысты онлайн форматта өткен байқаудың қатысушылары жұмыстарын өздері қатысып жатқан номинациясының талаптарына сай бейнематериал немесе фотосурет үлгісінде қазілар алқасына жіберді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арнап, қайта даярлау және біліктілікті арттыру институты өткізген балалар шығармашылық «Алтын күз» байқауына Қостанай қаласының №5 «Гүлдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі ретінде менің жетекшілігіммен Айару Ахметбек есімді бүлдіршініміз қатысып, I орын иегері атанды. Байқауда Айару өзінің таланты да дарынды екендігін көрсете білді. Осындай байқаулардың арқасында балаларымыздың өнерге, дамуға деген құштарлықтарын оята аламыз.


Дамира ҚАЙРАТ,
№5 «Гүлдәурен» б/б
тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.