Мектепке дейінгі кезең – балалардың тұлғалық дамуының негізі қаланатын маңызды кезең. Осы уақытта балалардың патриоттық сезімдері мен Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету – әр тәрбиешінің міндеті.
Патриоттық тәрбие – ұлттық сана-сезімді қалыптастырып қана қоймай, балалардың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, елінің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға үйретеді. Патриотизм – балалардың бойында азаматтық жауапкершілік пен елге қызмет етуге деген дайындықты қалыптастырады. Баланың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру үшін келесі бағыттарда жұмыс жүргізуге болады:
Ұлттық мәдениетпен таныстыру: Балаларға қазақ халқының дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары мен ән-күйлері туралы ақпарат беру. Мысалы, ұлттық мерекелерді атап өту, халық ертегілерін оқу арқылы балалардың ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру.
Табиғатпен таныстыру: Қазақстанның табиғи байлықтарын, әсем жерлерін көрсету арқылы балалардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Экскурсиялар ұйымдастырып, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіндіру.
Отан қорғаушылар туралы әңгімелер: Балаларға еліміздің батырлары мен тарихи тұлғалары туралы айтып беру. Олардың ерліктерін үлгі етіп көрсету арқылы патриоттық сезімді нығайту.
Топтық жұмыстар: Балаларды топқа бөліп, ұлттық тақырыптарға байланысты шығармашылық жұмыстар жүргізу. Мысалы, сурет салу, қолөнер жасау немесе театрландырылған қойылымдар қою.
Ойындар мен жарыстар: Ұлттық ойындарды ұйымдастырып, балаларды командалық жұмысқа баулу. Бұл олардың бір-біріне деген құрметін арттырып, патриоттық рухты нығайтады.
Мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу – ұзақ мерзімді, жүйелі процесс. Тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысы арқылы ғана балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік қалыптасады. Патриотизм – бұл тек сөз емес, ол іс-әрекетте көрініс табуы тиіс. Сондықтан да әрбір тәрбиеші өз жұмысында патриоттық тәрбиені басты назарда ұстап, балалардың жүрегінде Отанға деген махаббатты оятуға тырысуы керек.
Асемгуль ХАСЕНОВА,
«Жас әлем» бөбекжай-балабақшасының әдіскері,
Ботакоз УТЕУЛИНА,
қазақ тілі мұғалімі, Меңдіқара ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.