Патриоттық тәрбиенің маңызы

Выпуск - №35 (431)   :   04.09.2020
554

Балалардың Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту мақсатында Конституция күніне орай «Жұпар» балабақшасында арнайы іс-шара өтті.

Балаларды Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу, патриоттық сезімін ояту мақсатында тәрбие сағаты өткізілді. Алдымен балаларға бұл күннің тарихы түсіндірілді. Өткенге көз жүгіртсек, 1993 жылдың қаңтар айында тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы қабылданды. Еліміздің Президенттік басқару жүйесіне өтуіне байланысты жаңа заң қабылдау қажетігі туды. 1995 жылы тамыздың 30-ы күні Бүкілхалықтық референдум өткізіліп, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Биыл Ата Заңның қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Заңға бағыну тәртіп, ал тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиеттер бар.
Балалар болашақта Отанын сүюі, елінің алдындағы азаматтық борышын орындауы маңызды. Ата Заңымызды ардақтау мақсатында «Қарлығаш» тобында тәрбие сағаты өткізіліп, балаларға Конституция күнінің маңыздылығы түсіндірілді. Кейін әнұран шырқалды, шағын бейнеролик көрсетіп, балаларға еліміздің рәміздері мен құндылықтары таныстырылды. Одан бөлек қағаз бетінде еліміздің туын балалар қолдарымен бояп шықты, сергіту сәттері мен ойындар ойнатылды. Осы тұста еліміздің Ата Заңы – Конституциясы күнімен қазақстандықтарды құтықтаймын. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай. Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін.

Рахила ТАЙМАСОВА,
«Жұпар» балабақшасы
тәрбиешісі,
Амангелді ауданы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.