Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесіне көңіл бөлу – жұмысымның маңызды бағыттарының бірі. Сол себепті, тәрбиеленушілерге экологиялық тәрбие беру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту назардан тыс қалған емес.
.jpg)
«Алтын бесік» бөбекжайының ересек «Қарлығаш» тобының тәрбиешісімін. Осы жастағы балалардың әрекеті қарапайым еңбек түрлерін орындауға бағытталады. Өзінің жас шамасына сәйкес, тапсырмаларды ынталылықпен орындау нәтижесінде қоғамдық еңбек мотиві ерекше сипатқа ие болады. Бұл топтағы балаларда ортаны танудың физиологиялық механизмдері өзінің жоғары даму деңгейіне жетеді. Іштей ойлау, ой түю пайда болады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғаттағы пайдалы жұмыс түрін орындауда ынталанушылық көрініс табады.
Тәрбиеші ұсынған әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындау дағдыларының дамуы баланың оқу ісіне, білім алуға бейімделуіне ықпал етеді. Мысалы, адамның еңбегімен көшені, жолды тазарту, қарды күреу балалардың өз аулаларының қарын тазалауға жәрдемдесулеріне әкеледі. Сондықтан, жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-ана мен педагогтердің бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Біздің топтың ата-аналары балалар мен педагогтерге қолдау білдіру мақсатында, бірлесе отырып тобымыздың даладағы ойын алаңын қардан тазалауға көмек көрсетті. Осы сәтте, «бала естігенін емес, көргенін істейді» деген сөз есіме түсіп отыр. Расымен де, балаларға ата-аналарымен бірлесіп еңбек ету өте қызық болды, көздеріндегі қуанышты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Гульназия АМАНТАЕВА,
«Алтын бесік» бөбекжайының
тәрбиешісі,
Заречный ауылы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.