Тәлім берген жарқын жүздесу

Выпуск - №14 (461)   :   09.04.2021
455

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №6 бөбекжай-балабақшасы жастарды қолдау мақсатында І.Омаров атындағы қазақ драма театрының майталман әртісі Әлқожа Төлендімен кездесу өткізді.

Қадірменді қонағымыз «Көбелек» тобының бүлдіршіндерімен біраз әңгімелесіп, ашық сұхбат жүргізді. Әртістік өмірге қалай кадам басқанын, сахна сыртында қандай қызық оқиғалар болғандығы жайлы әңгімелеп берді. «Тәрбие басы – тал бесік» демекші, орамды ойлары мен баяндаған оқиғаларынан өте ғибратты, сауатты сөйлейтіні көрініп-ақ тұрды. Әрине, балаларға ол кісінің айтқан ертегілері де өте қызықты болып, зер салып тыңдады.
Артынша келген қонағымыз өнерін көрсетіп, ән айтып, балаларды әртістік өмірге бір табан жақындатып, театрға шақырды. Ал балалар болса, Жаңа жылда ертегі көру үшін театрға ата-анасымен баратындарын жарыса айтты. Олар өздерінің сүйікті кейіпкерлеріне қатысты әңгіме өрбітіп, әртіске оны сахналап беруіне қолқа салды. Әлқожа Төленді балаларға жақын екендігін аңғартып, олар айтқан ертегі кейіпкерлерін сомдап берді. Міне, осылайша балалардың бір күні әртіске, бұл мамандыққа деген қызығушылығын арттырды.

Жанна ӨТЕУОВА,
№6 б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы

 

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.