
Балабақшада тәрбиеленіп жатқан балдырғандардың бәрі өзімнің балаларым секілді көрінеді. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені, олар мені қуана қарсы алады.
Балалармен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. Себебі, тек бала ешнәрсеге алаңдамай, мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, құпияларын айтады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қатты сенеді. Менің бақытты болуым – осы балаларымның сенімінің арқасы.
Жұмысым күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сезбеймін, өйткені, балалармен жұмыс жасаған өте қызық. Олардың қуанғаны да, ренжігені де шынайы. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балалар өте қызық сияқты. Мысалы, мен мерекелік іс-шараларда «Алдар Көсе мен Бай», «Шалқан», «Қасқыр мен жеті лақ», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін. Бірде кемпір, бірде Алдар Көсе, Ақшақар, Шалқан, тіпті, сайқымазаққа айналғанда балапандарымның қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру.
Айгүл НҰРЫШЕВА,
«Қарлығаш»
бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі,
Қамысты ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.