Балаларға туған өлкесінің тарихы, мәдениеті туралы айтып отыру маңызды. Біздің «Бота» балабақшасының балғындары қаламыздың тарихымен танысуды біздің шағын мұражайдан бастап, артынша тарихи-өлкетану мұражайында жалғастырды.

Балалар мұражайға экскурсия жасайтынымызды естігенде қуанғандарын жасырмады, баратын күнді асыға күтті. Балаларды алдын ала дайындап, оларға «мұражай» деген не, онда не көре алады, онда өздерін қалай ұстау керектігі туралы айтылды. Бірақ ол жерде болып, бәрін өз көзіңмен көрудің әрдеқайда қызық екені белгілі. Мұражай арқылы шығармашылық өнермен және басқа дәуір адамдарының мәдениетімен танысуға болады. Бұның бәрі баланың ойлау қабілетін кеңейтіп, өзінің кішкентай Отанына деген махаббатын оятады.
Біздің мұражайда қазақ халқының тұрмыста қолданған дүниелері жинақталған. Мұндағы экспозиялардан қазақ халқының өткен тарихын ғана емес, сонымен қатар қазіргі өмірін де көруге болады. Мұражай фонында қолымен ұстап көруге болатын: фотосуреттер, кітаптар, қару-жарақтар, киімдер, ыдыстар, әшекейлер бар. Балалар айтылған ақпараттарды қызығушылықпен тындап, алған әсерлерімен бөлісті.
Жанат ЖУМАБАЕВА,
«OFSTED» жеке мекемесі,
«Бота» б/б тәрбиешісі,
Қостанай қаласы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.