«Балапан» балабақшасындағы ересек «Еркетай» тобында балалардың бау-бақша жайлы білімдерін арттырып, көгөністерді егудің барысымен таныстыру мақсатында «Терезе алдындағы бау-бақшаны» күтіп-баптаудамыз.

Бау-бақша дегеніміз – өзіндік ерекше құбылыс. Оны күтіп-баптау, әркез суарып, арамшөптерін жұлу – қажырлы еңбекті қажет етеді. Жастайынан балаларды еңбекке баулып, айналасындағы тірі табиғатқа қамқорлықпен қарауға деген сезімдерін арттыру мақсатында балабақшамызда терезе алдында шағын бау-бақшамызды қалыптастырдық.
Балаларымен бау-бақшаны отырғызу барысында өсімдіктер мен көгөністердің жетілу барысын бақылап, оларға күтім жасадық. Аталған іс-шара арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін арттырып, еңбек іс-әрекетіне баулу көзделді. Бау-бақшаны отырғызу барысында балалардың жұмысқа деген икемділіктері мен ептіліктерін байқадым. Олардың әрбір жасаған жұмысын тиянақты орындағаны көңіл қуантпай қоймады.
Бау-бақшаға уақытылы күтім жасау үшін әр күнге кезекші бала қойып, жұмысты сүйіспеншілікпен жасауға тәрбиелеу назардан тыс қалмады. Балалардың әрқайсысы өз кезекшілігін асқан ынтызарлықпен күткенін ерекше атап өтсек ләзім.
Балалар терезе алдындағы бау-бақшамыздың әрбір өсіп шыққан көгөніс пен өсімдіктеріне риза болып, қуаныштан жүздеріне күлкі ұялап, жасаған еңбегінің жемісін көріп жүр. Бұл жұмыстар арқылы балаларды еңбекке тәрбиелеп қана қоймай, бау-бақшаның пайдасы жайлы оларды ақпараттандырдық. Балалардың қуанышында шек жоқ, ал терезе алдындағы бау-бақшамыз тобымызда ерекше орын алып тұр. «Терезе алдындағы бау-бақша» әрбір балабақшада орын алғанын қалаймын.
Арузат ҚАБИ,
«Балапан» б/б тәрбиешісі,
Әулиекөл ауданы,
Құсмұрын ауылы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.