Қанша айналдырып келсек те, баланың тұлға болып қалыптасуында, жалпы жаңа бір дүниені меңгеруінде үлкен нәтиже беретін әдіс – ерте жастан бастап сол іске баулу. Яғни әрбір мәселенің төркіні – балалық шақта жатыр.
Толық қалыптасып қалған адам үшін жаңа дүниені үйрену біраз уақыт қажырлы еңбекті қажет етсе, санасы ақ парақ бетіндей болған бала үшін жаңа дүниені танып-білу үлкен қызығушылық тудырып, қысқа мерзім ішінде нәтижесін берері хақ. Бұл нәрсе психологиялық тұрғыда ғалымдар тарапынан бірнеше мәрте дәлелденген. Демек тіл үйрену жұмысын да балабақшадан бастау қажет. Мемлекеттің негізгі байлығы – оның тілі екендігі анық. Ал оны толық меңгеріп шығу заман талап етіп отырған қажеттілік, одан бөлек өзің ғұмыр кешіп жатқан елге деген құрметтің де айнымас көрсеткіші деуге болады. Сол елдің азаматы ретіндегі біздің міндетіміз – мемлекеттік тілді барлық ортада белсенді қолдану және дамыту.
Жоғарыда айтып өткенімдей, тілді ерте жастан үйрету керек, яғни балабақшадан бастау керек. Баланың өз бетімен өзге тілді үйрене алмайтыны белгілі. Ең алдымен, балаға тілді үйрету үшін тілдік орта керек. Бұл маңызды істі үнемі баламен бірге болатын, үлкендер жасай алады. Яғни ата-анасы, тәрбиешілері мен педагогтері. Осы арада олардың еңбегі орасан екенін айта кеткен жөн. Үлкендерге балаға үлгі болу үшін мемлекет тілін үйренуге тырысу керек. Біз тек тіл үйретіп қоймай, балаларды тіл арқылы адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеуіміз қажет.
«Мұрагер» бөбекжай-балабақшасында қазақ тілі сабағында осы құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстар әр түрлі форматта жүзге асырылады. Әнгіме үстінде, ойын, сабақ кезінде, диалог құрағанда, ертегілерді сахналау кезінде оған көп көңіл бөлінеді. Бала өмірінің айнымас бөлігі ойын құралдары болғандықтан, оған тіл үйрету жолында қолданылатын істің маңыздысы да сол арқылы жүзеге асырылады. Ойын арқылы тілді дамыту үшін, ең алдымен, баланың өзі ұнатқан ойын мен өлең жолдарын анықтап, сол арқылы қазақша сөйлеуді үйретеміз.
Біздің балабақшада үлкендер балаларды ойната отырып қазақ тілі сабағында берілген сөздерді, сөйлем үлгілерін, заттардың атауларын, әндерді бекітеді. Ата-аналардың да мемлекет тілілне деген көзқарасы өзгерді. Олар балаларының қазақ тілін білгені – олардың кемел келешегінің кепілі екенін анық түсінеді. Мемлекеттік тіліміз – ұлттың болашағы, бақыты мне тірегі. Оны меңгеру жолында қанатымен су сепкен қарлығаштай болса да үлес қосуға тырысайық.
Рауза ӘЛІМБАЕВА,
«Мұрагер» б/б мұғалімі,
Лисаковск қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!