Желтоқсанның бірінде Қазақстан халқы мемлекеттік мереке – Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Бұл күні еліміздің білім беру ұйымдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Лисаков қоласындағы «Улыбка» балабақшасында да мерекелік апталық өтті.
Апталықты жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен танысудан бастадық. Жайлы атмосферада мектепалды даярлық топ балалары Тұңғыш Президенттің балалық шағы туралы қызықты деректерге қанық болды. Балғындарды, әсіресе, есім таңдау тарихы қызықтырды. Елбасымыз дүниеге келген кезде туыстары жиналып, әр түрлі есімдерді ұсыныпты. Дегенмен шешімді Мырзабала әжесі қабылдады, ол өзінің бірінші немересіне қуанышы қойнына сыймай: «Менің сүйікті немерем бірден екі есімді алып жүрсін. Оның аты – Нұрсұлтан болсын», – деген екен. Осылайша Нұрсұлтан есімі пайда болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы соғыстан кейінгі қиын кезеңде өтті. Сол кезде өріс алған аштыққа қарамастан, Нұрсұлтан Әбішұлы балалық шағын ең әдемі кезең деп санайды. Анасының аялы алақанын, отбасы жылулығын, әкесінің қамқорлығын, ата-анасының әуезді әндерін, балалық ойындары мен Алатаудың сұлу бөктерін жылулықпен еске алады. Балалар Елбасымыздың өмір жолына қатысты әнгімелерді қызығушылықпен тыңдап, кітаптар мен фотосуреттерді қарап, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Тәрбиеленушілерімізге «Тұңғыш Президентімізге біз не үшін алғыс айта аламыз?» деген сұраққа ойланып, жауап беруді ұсынған кезде, олардан: «Бейбітшілік үшін!», «Балабақша мен ойыншықтар үшін!», «Денсаулық үшін!», «Ана мен әке үшін!», «Компьютерлер мен машиналар үшін!», «Қуаныш үшін рақмет!» деген шынайы балалалық жауаптарын естідім. Қызықты әңгімемізден кейін мен балаларға Тұңғыш Президентіміздің спорттық әуестігі туралы бейнені тамашалап, қызықты ойын ойнауды ұсындым.
Гүлдана УРКУМБАЕВА,
«Улыбка» балабақшасының
қазақ тілі мұғалімі,
Лисаков қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!