Ұлттың болашағы – ана тілінде

Выпуск - №36(633)   :   20.09.2024
62

LTTY-BOLASAY--ANA-TLNDE-2.jpg

Балабақша тәрбиеленушілері, кішкентай бүлдіршіндеріміз – еліміздің болашағы. Ал, сол мемлекетінің тілін құрметтеу баланың балалық шағынан қалыптасады. Бұл жастағы балалар тілді үйренуге бейім келеді және ересектерге еліктейді.

Мектепке дейінгі жаста қазақ тілін ерте меңгеру баланың жеке басының үйлесімді дамуына, халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, ауызекі шығармашылығын тануға және қабылдауға ықпал етеді. Балалар өздерінің құрдастарымен қарым-қатынас жасау арқылы алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын меңгереді. Қазақстан – әртүрлі ұлт өкілдерінің басын бір шаңырақ астында қосқан көпұлтты мемлекет. Еліміздің әрбір баласына мемлекеттік тілді үйрету тілдік сананың жаңа жүйесін қалыптастырудың күрделі процесі саналады.

LTTY-BOLASAY--ANA-TLNDE-1.jpg

LTTY-BOLASAY--ANA-TLNDE-4.jpg


Балаларда әлеуметтік қарым-қатынастың алғашқы дағдылары құрдастарымен қарым-қатынас кезінде қалыптасады. Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды сөйлеуге үйретуде маңызды рөл атқарады. Тілдерді ерте жастан үйрету баланың зияткерлік қабілетін дамытуға, сонымен қатар, балаларды мемлекеттік тілге және өз елінің мәдениетіне баулуға мүмкіндік береді. Біздің балабақша мұғалімдері баланы сөйлеу атмосферасына енгізе отырып, оның тілдік ортада болуын үнемі ынталандырып, талпындырсаңыз ғана балғындардың сөйлеу белсенділігінің жандануына және ана тілін ғана емес, басқа тілдерді де тиімді игеруге болатынын түсінеді.
Биылғы біз мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тілінде байқаулар, театрландырылған қойылымдар, дамыту ойындары, режимдік сәттер ұйымдастыру арқылы қазақ тілі әлеміне ендіруді жалғастырамыз. Балабақша аумағында және қала кеңістігінде Тіл апталығында балалармен және ата-аналармен жұмыстың көптеген қызықты түрлері өтті – фестиваль, қала бойынша мақсатты серуендер, Лисаковский атындағы тарих және мәдениет мұражайына бару, балаларға арналған ертегі, мұғалімдер мен ата-аналарға арналған дөңгелек үстел және челлендж. Ал, алдымызда балаларымыздың ата-аналарын шақырған қазақ тілі әлеміне қызықты саяхат күтіп тұр.

LTTY-BOLASAY--ANA-TLNDE-3.jpg


Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді. Осылайша, жүргізіліп жатқан әртүрлі жұмыстар арқылы баланың таным көкжиегін арттыру жолында жемісті еңбек етіп келеміз. Бұл жұмыстарымыз алдағы уақытта да жүйелі жалғасын таппақ.

Гульдана УРКУМБАЕВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Евгения ЛЫЖИНА,
музыка жетекшісі, «Улыбка» б/б,
Лисаков қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.