Әлем бойынша белең алған жағдайға байланысты қашықтан білім беру жүйесіне көшкеніміз белгілі. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай балалар мен олардың ата-аналарымен қашықтан бірлесе жұмыс істедік.

Бала тәрбиесін қолына алған кез келген адамның азаматтық міндеті – жас ұрпақты Отанын сүюге, елінің, жерінің адал патриоттары болуға, достық пен бірлік туралы түсінік беру арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Бізге бейбіт өмірді тарту еткен, қан майданда от кешкен ержүрек жауынгерлер – бүгінгі ақ сақалды ардагерлер мен ақ жаулықты әжелеріміз әрқашан жоғары құрметке лайық екені даусыз. Ұлы Жеңіске 75 жыл толуына орай, балалар Отан туралы өлең шумақтарын жаттады. Өз ата-әжелерінің портреттеріне қарап отырып, олардың еліміз үшін жасаған ерліктері туралы айтып берді.
Бүгінгі ұрпақтың борышы – Отан үшін жанын қиған батырларымыз бен ардагерлеріміздің еңбегін естен шығармауымыз керек. Әлбетте, себебі сол елі үшін от кешкен батырларымыз тәуелсіздікке жету жолында өзіндік септігін тигізгені анық. Осы тұста ата-аналар үйлерінде балаларымен балалармен жұмыс істеп, келешек ұрпаққа жеңістің оңай келмегендігі жайында әңгіме жүргізіп, еске алып тұруы мақтанарлықтай жайт. Сондықтан оларға деген ыстық ықылас пен құрмет, алғыс ешқашан толастамайды, керісінше «Тау алыстаған сайын биіктей түседі» демекші, уақыт ұзаған сайын еселене түспек.
Айгүл САТЫМБАЕВА,
Гүлшат ТОРТАЕВА,
№7 бөбекжай-балабақшасы,
тәрбиешілері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.