Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
02/11/26 Понедельник

Ұстаздар арасындағы жарыс

Выпуск - №38 (586)   :   15.10.2023
1207

Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен үйлестіру мақсатында, биыл Қазақстанда ұстаздар мерекесі қазанның 5-і болып бекітілді. Мерекеге орай, №61 бөбекжай ұжымының қызметкерлерімен тәрбиешілері арасында, дойбыдан жарыс ұйымдастырылды.

Алғаш болып құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Гүлжан Искаковаға беріліп, ол жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ұстаздарды мерекесімен құттықтады. Бір қарағанда, тым жеңіл көрінгенімен, дойбы ойынында да табан астында тапқырлық таныта білуіңіз керек. Бір бұрыс жүріс – бүкіл ойынының тағдырын шеше салады. Әр қадамын аңдап басып, өзара тартысқан ойыншылар жарыстың көрігін қыздырды. Нәзік жандыларымыз жеңіс жолында аянып қалмады.

Жарыста Жанагуль Нурмуханованың алдына ешкім түсе алмай, жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінсе, екінші тұғырға Алтыншаш Серікбай тұрақтады. Ал, қола жүлдені Назым Алпысбаева місе тұтты. «Жеңіске деген жігері үшін» аталымымен Венера Бектабанова және «Белсене қатысқаны үшін» аталымымен Ырыс Тұңғышбаева марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар мен медальдар табысталды.


Сәділ БАЙДАУЛЕТОВ,
№61 балабақшаның
дене шынықтыру
нұсқаушысы,
Қостанай қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.