Жаңартылған білім – заман талабы

Выпуск - №37 (383)   :   26.09.2019
357

Білім саласында өзгерістер орын алып, педагогтердің біліктілігін арттыруға аса көңіл бөлінуде. Биыл Қостанай облысында мектепалды даярлық сынып тәрбиешілері жаңартылған бағдарлама бойынша алғаш рет біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Біліктілік курсы педагогтердің білім беру мазмұнын жаңарту аясында қолданатын барлық бастамалар туралы білуін және түсінуін қамтамасыз етуге арналған. Жаттықтырушымыз Самал Торина өзінің білгенін бізге үйретуден жалыққан жоқ. Курстың алғашқы аптасында «Бала үні», «4К моделі», «Тұтас бала бейнесі» туралы дәріс берсе, екінші аптада спиральді оқу бағдарламасы, тиімді оқыту әдіс-тәсілдері, инклюзивті білім беру, саралаудың әдіс-тәсілдері, оқу қызметіндегі SMART мақсат, саралап-даралап оқыту, ҰОҚ барысында бақылауды қалай жүргізу, 5 білім саласы бойынша оқу қызметін жаңартылған білімге сай жоспар құру, кері байланыс жүргізудің әдіс-тәсілдерін қалай қолдануды үйретті.

Ал, курстың үшінші аптасында әріптестермен тәжірибе алмасу мақсатында жаңартылған бағдарлама бойынша ықшам сабақ өткізілді. Курстың басында қиналған кездеріміз болғанын жасырмаймын. Екінші, үшінші аптада жаңаша білімді меңгеріп, әріптестерімізбен пікір таластырып, бір-бірімізге білмеген тұстарымызды түсіндіріп отырдық. Курстың соңғы күні білімді қаншалықты меңгергенімізді көрсету мақсатында бейне сабақ қорғадық. Үш аптадан кейін жаңартылған бағдарламаны меңгергенімізді растайтын сертификатқа да ие болдық. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – дегендей, білім нәрін бойымызға құйып, жеткізе білген Самал Аблайханқызының еңбегі зор. Үш апта бірге оқыған әріптестеріме жаңаша білім беруде сәттілік тілеймін!


Роза ЖУСУПБЕКОВА,
Н.Наушабаев атындағы
Затобол мектеп-гимназиясы
мектепалды даярлық
сынып тәрбиешісі,
Қостанай ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.