Заречныйда әдемі балабақша ашылды

Выпуск - №50 (446)   :   11.12.2020
1003

Тәуелсіздік күні қарсаңында Қостанай ауданына қарасты Заречный ауылында мемлекеттік тіл – қазақ тілінде білім мен тәрбие беретін 90 орынға қарастырылған «Әдемі» бөбекжай-балабақшасы ашылды.

Жеке кәсіпкер Руслан Жомартұлы Жылқыбаевтың жеке инвестициясы есебінен ашылып отырған балабақшаның құрылыс жұмыстары бір жыл бойы жүргізілген. Ықшамды. Бөлмелері жинақы. Іші қажетті жиһаздармен, балғындардың дамуына керекті құралдармен, ойыншықтармен қамтылған. Бастысы педагогикалық құрам мықты екендігін айтады директоры Әсел Шаймерденова. Балабақша тәрбиешілер, аспаз және техникалық қызметкерлерді қосқанда жалпы саны 19 адамды жұмыс орнымен қамтып отыр.



Бөбекжайдың ашылу салтанатында Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Зәуре Байменова хабарлағандай, «Әдемі» балабақшасына балаларды орналастыру электронды кезек арқылы өтеді. Тәуелсіздік күні мерекесі өткен соң, бөбекжайға балғындардың үш тобын жинау көзделген. Қазіргі санитарлық талаптар бойынша балабақшада 15 балаға дейінгі кезекші топтар ғана жұмыс істемек. Ал мемлекет тарапынан балабақшаға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру түріндегі қолдау көрсетілетін болады.



P.S: Қостанай ауданында балаларға мектепке дейінгі білім беру бағытында 7 балабақша жұмыс істейді. Оның 5-еуі мемлекеттік, ал 2 жекеменшік балабақшаның бірі – жақында ашылған «BK KINDER», екіншісі – мақалада сөз етіп отырған «Әдемі» балабақшасы. Аудан бойынша мектепке дейінгі бұл ұйымдардың барлығында 900-ден астам балғын білім мен тәрбие алуда. Одан бөлек мыңнан астам бала қамтылған мектепке дейінгі 44 шағын орталық бар.

 

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген Сергей МИРОНОВ

 

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.