Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін көрсетіп, табиғатты сүюге тәрбиелеу мақсатында Айсары орта мектебінде мақала тақырыбымен аттас ертеңгілік ұйымдастырды.

Шараны мектепалды алды даярлық тобының тәрбиешілері Раушан Бейсембаева мен Перизат Какимова әр топта жеке-жеке өткізді. Тәрбиеленушілеріміз Ерасыл Қарағожин, Ксения Дмитриченко, Жұлдыз Қапсабыр, Аяна Сағындық, Мираслава Тополова, Аяулым Қасым, Алихан Мустафин, Адиль Қазымбек, Мирас Айтпаев, Алина Гольм күз мезгіліне арнаған өлеңдерін керемет орындады. Ал «Кім жылдам табады?» сұрақ-жауап бөлімінде Таисия Голышева, Матвей Щерба, Мақсат Балғабай, Самира Закирова, Бибарыс Оңдасын, Айзере Отарбай, Нұрсұлтан Сағындық ерекше көзге түсті.

Ертеңгілік соңында өткен «Күзгі композиция» бөлімінде әр бүлдіршін өздерінің қолдарынан жасаған қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Жанерке Мырзатайдың «Үйшік», Жания Молдағалиеваның «Қоян», «Қызыл қоңыз», Бекзат Каблашевтің «Сәукеле», Інжу Маржан Марқабайдың «Картоптан жасалған үй», Захар Деменчуктың «Жарыс машинасы», Айару Дабееваның «Көңілді кірпілер» бейнелері керемет жасалды. Ертеңгілік соңында оқушылар мен ата-аналарға алғыс білдірілді. Бүлдіршіндерімізге жарқын күлкі, бақытты балалық шақ, бейбіт өмір тілейміз!
Дариға БЕРСҮГІРОВА,
Айсары ОМ қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.