Жеңіс күні – мәртебелі мейрам

Выпуск - №19(516)   :   12.05.2022
936

Халқымыздың ерлігі мен даңқының көрінісіндей болған Жеңіс күні – еліміз және әрбір отбасы үшін ең маңызды мереке саналады. Бүгінгі бейбіт аспан астындағы ғұмырымыз үшін соғыс және тыл ардагерлеріне алғыс білдіреміз.

Әр отбасының өз батырлары және ұрпақтан-ұрпаққа насихатталып отыратын тарихы бар. Ол – майданға қатысқан және тылда еңбек еткен ата-апаларымыз. Бұл тарихи мейрам – барлық отбасылар үшін ортақ. Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс туы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі. Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу мақсатында «Улыбка» балабақшасында тәрбиелік сағат өтті.


Әрине, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты, елжанды азамат етіп тәрбиелеу басты назарда. Ардагерлеріміздің ерлік істерін балғындарымызға түсінікті етіп жеткізу – басты міндетіміз. Аспанымыз ашық болып, жүрегімізде мейірімділік ұялап, бейбітшілігімізді қадірлеп, абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан тәуелсіз мемлекетте өмір сүру мүмкіндігін бағалай білейік.


Жанар БИТЕНОВА,
«Улыбка» б/б тәрбиешісі,
Қарабалық ауданы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.