Дарынды бүлдіршіндер топ жарды

Выпуск - №4(652)   :   31.01.2025
461

1

Рудный қаласында өткен «Таlanty Kazakhstan» байқауына біздің «Ақбота» бөбекжайының бүлдіршіндері қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Бөбекжайымыздың «Ақтиін» ересек жас тобы, «Балапан» мектепалды даярлық топтарының бүлдіршіндері қатысты.

«Ақтиін» ересек жас тобынан 9 ұл бала мен тоғыз қыз бала және «Балапан» мектепалды даярлық тобынан 8 аралас бүлдіршіндеріміз бәсекеге түсті. Ұлттық құндылыққа байланысты «Ақтиін» ересек жас тобы қыздары «Сырмақ» биімен, ұлдары «Бәйге» биімен таңғалдырды. «Балапан» мектепалды даярлық тобы ерекше «Миньон» биімен сахнаға шықты. Бұл байқау үш жастан басталады. Біздің бүлдіршіндер 4, 5, 6 жас аралығында болды.
Тәрбиеленушілеріміздің «Бәйге», «Сырмақ» биі жүлделі 1-орынға ие болса, «Миньон» биі екінші қатардан көрінді. Бөбекжайымыздың басшысы Турсунова Ляззат Абдешевнаға және ата-аналармен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатқан тәрбиешілерге алғыс білдіреміз. Болашағынан мол үміт күтетін балапандарға жан-жақтан қолдау мен көмек көрсету арқылы сахнаның биік төріне шығарып, үлкен асуларға жетелеп жүрген ерен еңбегіміз жемісті жетістіктерге бастасын. Талантты ұл-қыздар алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруына тілектеспіз.

Ақжарқын БЕРДЕШЕВА,
«Ақбота» бөбекжайының тәрбиешісі,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.