Қостанай қаласындағы №54 бөбекжайда «Тілге бойлау» бағдарламасы аясында мектепалды «Тамшы» тобы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы өтті.
«Бауырсақ» – балаларға жақсы таныс, мазмұны қарапайым әрі қызықты халық ертегісі. Бұл ертегіні сахналау арқылы бүлдіршіндер қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтап қана қоймай, оларды күнделікті қарым-қатынаста қолдануға машықтанады. Қойылым балалардың қазақ тіліндегі қарапайым сөздер мен сөйлемдерді түсінуіне, дұрыс айтуына және ойын еркін жеткізуіне жағдай жасауды, сонымен бірге олардың шығармашылық қабілеттерін, есте сақтауын, зейінін және сахналық мәдениетін дамытуды көздеді.
Ертегіні сахналауға дайындық барысында балаларға таныс кейіпкерлер таңдалып, рөлдер бөлінді. Қойылымға ата, әже, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, тиін, кірпі және түлкі кейіпкерлері қатысты. Қойылымның ерекшелігі – балалар дайын мәтінді айтып қана қоймай, түрлі қимыл-қозғалыстарды жасап, ән айтып, би биледі. Бауырсақты дайындау кезеңінде ұн жинау, су алу, қамыр илеу әрекеттерін қимылмен көрсетті. «Қамбадан біз жинаймыз», «Ұнды біз аламыз», «Суды біз құямыз», «Қамырды біз илейміз» деген сөздерді қайталау арқылы жаңа сөздерді меңгеріп, есте сақтады.
Сахналық көрініс барысында балалардың қазақ тілінде сөйлесуіне ерекше көңіл бөлінді. «Қайда барасың?», «Мен сені жеймін», «Мені жемеші», «Мен саған өлең айтып беремін» сияқты қарапайым сөйлемдерді қолдану арқылы балалар диалог құруға машықтанды. Ертегі кейіпкерлерімен кездесулер қойылымның қызықты сәттеріне айналды. Қоян, қасқыр, аю, тиін және кірпімен кездескенде бауырсақ өзінің өлеңін айтып, әр кейіпкерден қашып құтылады. Ал түлкімен кездесуі ертегінің ерекше әрі күтпеген шешімі болды.
Бұл жолы түлкі бауырсақты жемей, онымен дос болуды ұсынады. Осылайша ертегі достық, татулық пен мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеумен аяқталды. Қойылым соңында барлық кейіпкерлер бірге би билеп, «Достық» әнін орындады. Бұл көрініс балаларға достықтың маңызын ұғындырып, бір-біріне құрметпен қарауға және ұжыммен әрекет етуге баулиды.
Ертегіні сахналау – балаларға мемлекеттік тілді үйретудің қызықты әрі тиімді тәсілдерінің бірі. Ән, би, ойын және сахналық көріністерді үйлестіре отырып ұйымдастырылған жұмыс бүлдіршіндердің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырады. Сондықтан ертегі арқылы тіл үйрету жұмыстары мектепке дейінгі ұйымдарда жүйелі түрде жалғасын табуы маңызды.
Акбота ОСПАНОВА,
қазақ тілі мұғалімі,
Ольга КАШУБА,
музыкалық жетекшісі,
№54 бөбекжай,
Қостанай қаласы
Вот уже семь лет я тесно сотрудничаю с областной газетой «Учительская плюс». Могу с уверенностью сказать, что это одно из самых подходящих изданий не только для педагогов, но и в целом для всех работников сферы образования. Для меня особенно ценно то, что подписавшись на газету, я как полноценный журналист могу освещать все интересные события, которые проходят в нашем Центре дополнительного образования. Мы всегда получаем своевременный отклик на наши письма. За этим, конечно же, стоит огромный труд всего коллектива «Учительской плюс». Хочу пожелать газете процветания, благодарных читателей и сохранения своего неповторимого стиля!
Для меня счастливо сплелись преподавание русского языка и литературы в школе и возможность проявить себя в журналистике. Работая со словом, я на страницах газеты могу выразить свои мнения, размышления, впечатления, поделиться достижениями коллег, учеников. Освещаю активную профсоюзную деятельность в образовательной сфере города Рудного. С удовольствием пишу и о спортивных мероприятиях, потому что сам неравнодушен к спорту. И очень приятно, что мои творческие порывы находят признание и в редакции, и у читателей «Учительской плюс».