Қыз – өмірдің қызғалдағы

Выпуск - №15(512)   :   15.04.2022
1327

Халқымызда қыз бала тәрбиесіндегі қалыптасқан дәстүрді насихаттау басты назарда. Осы мақсатта Арқалық қаласындағы «Ақбота» балабақшасында бүлдіршіндер арасында Гүлмира Нуркенованың ұйымдастыруымен «Қыз сыны-2022» байқауы өтті.

Аталмыш байқауға қатысуға әр топтан ниет білдірген 9 бүлдіршін іріктелініп алынды. Атап айтсақ, олар: Ару Диасқызы, Іңкәр Асқар, Данэлия Кульмухамедова, Жансезім Берік, Аянат Еркенқызы, Айлин Алматова, Айзере Даулет, Раяна Мылқайдар және Інжу Бияхмет. Ал олардың өнеріне әділ төрелігін жүргізген қаламыздың жасөспірімдер театрынан Г.Балгенбаева, облыстық әмбебап кітапхана қызметкері Е.Байденова, орыс тілі мұғалімі С.Хасенова қазылар алқасының құрамында болды.


Өскелең ұрпақтың санасындағы салт-дәстүрге деген құрмет сезімін арттыру бағтындағы байқау аясында бүлдіршіндеріміз өнерге, ас мәзіріне, сән үлгісіне ерекше дайындықпен келгенін көрсете білді. Қыздарымыз байқаудың әрбір кезеңінде өздерін еркін ұстап, сахнаға бейімділіктерін көрсете білді. Бұл орайда тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланыс жақсы жолға қойылғанын да атап өтуге болады.

Бар өнерлерін ортаға салған кішкентай қыздарымыз бақ сынаған байқау нәтижесінде «Ақбота-2022 аруы» атағына Раяна Мылқайдар ие болды. Ал бірінші тұғырға Айзере Даулет пен Інжу Бияхмет тұрақтаса, екінші орынды Жансезім Берік иеленді. Жүлделі үшінші орынды Іңкәр Асқар жеңіп алды. Одан бөлек «Көрікті көктем аруы» номинациясымен Ару Диасқызы, «Өнерлі ару» номинациясымен Айлин Алматова, «Сәнқой ару» номинациясымен Аянат Еркенқызы, «Инабатты ару» номинациясымен Данэлия Кульмухамедова марапатталды.


Өміріміздің бар қызығы болған балаға дұрыс тәрбие бере алсақ, оның келешегіне де зор үмітпен қарауға болады. Ал осындай балабақшаішілік іс-шаралар жас ұрпақтың жан-жақты болып өсуіне үлкен ықпалын тигізеді. Байқаудың нәтижесінде кішкентай аруларымызға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар байқаудың әрбір кезеңдеріне сай бүлдіршін қыздарымыздың киімдері мен бейнероликтерін дайындап, қолдау көрсеткен ата-аналарына алғыс білдіреміз.


Сәуле ХАСЕНОВА,
«Ақбота» балабақшасы
орыс тілі мұғалімі,
Гүлмира НУРКЕНОВА,
педагог-психолог,
Арқалық қаласы

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.