Бірлік пен келісім салтанат құрған

Выпуск - №12-13 (408-409)   :   20.03.2020
356

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл. Айтулы датаға орай Қостанай облыстық ҚХА-ның ұйымдастыруымен Ассамблея жұмысымен таныстыру мақсатында бірқатар маңызды шаралар қолға алынуда.

Ақпан айының аяғы мен наурыз айының соңына дейін арнайы акция қолға алынды. Оның аясында қаламыздағы 20 білім ордасының оқушылармен кездесу өткізіп, Ассамблея жұмысымен, оның тарихымен таныстыру көзделген. Жуырда 18-інші мектеп ретінде тізімге енген №10 орта мектепте өткізілген сондай шараның куәгері болдық. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық деңгейдегі ғылыми-сарапшылық топ мүшесі Мәрияш Қадіралинова арнайы қатысып, Ассамблеяның тарихына тоқталып, мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып өтті.

Мектептің 8-сынып оқушылары қамтылған шара барысында ұлтаралық келісім мен татулық мәселелерін қозғаған Мәрияш Тілеуғабылқызы жас ұрпақты достыққа, біртұтастыққа, халықтардың арасындағы бірлікке шақырды. Артынша еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен Елбасының жүргізген салиқалы саясаты да тілге тиек етілді. Жиын барысында «Мәңгілік ел» патриоттық актісіндегі 7 тұғыр жайлы, оған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып жатқан үлесі атап өтілді.

Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Білім бағыты бойынша координаторы Анель Пимичева және Елдана Мұраттың ұйымдастыруымен Ассамблеяның тарихы мен көпұлтты еліміздің тарихы мен этностарына қатысты сұрақтар қамтылған интеллектуалды сайыс өтті. Оған 8-сынып оқушылары «Бірлік», «Достық» және «Келісім» топтарына бөлініп, өзара бақ сынасты. №10 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зоя Қойтбаеваның айтуынша, бұндай іс-шаралардың жастарға берері мол әрі олардың партриоттық сезімдерін арттыруға ықпал етеді. Танымдық сайыс соңында жеңімпаз атанған топтар мақтау қағаздарына ие болды.


Жамал ШАУКЕН

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Путь, заданный великим учителем

Вчера в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

Вчера в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

Вчера в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

Вчера в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.