Ғасырлар бойы ата-бабамыз аңсап кеткен Тәуелсіздіктің таңы атқанына да биыл 30 жыл. Мерейлі шара аясында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінде де кешенді жоспар құрылып, жыл бойына жүзеге асырылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында жасалған барлық шараның басты сипаты елжандылық пен Қазақстандық патриотизмге шақырады. Атап айтар болсақ: «Менің Отанымның әнұраны» бейне челенж барлық топтар тартылды; «Менің туым, менің Қазақстаным» флешмобы шеңберінде авто-шеру ұйымдастырылды; «30 игі іс» марафоны аясында тұрмысы төмен 8 отбасыға азық-түлік таратылды; аталған марафон шеңберінде колледждегі жетім балаларға арнап қала мейтамханасының демеушілігімен тегін кешкі ас беріліп, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына қаржылай сыйлықтар таратылды; «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» тақырыбында барлық топ студенттері 15-тен астам бейне-ролик түсірді.
Одан бөлек студенттеріміз «Тәуелсіздік құрдастарымен» кездесіп, сұхбат алды. Бұл сұхбат жастардың алдағы өміріне үлкен серпін берді. Жастадың бойынан аға буынға қарап бой түзеп, сондай болуға деген ұмтылыс байқалды. Колледж жанындағы Республика алаңында студенттерінің қатысуымен Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай желтоқсан құрбандарын еске алу митингі өткізілді. Ал колледждің «Жас қалам» үйірмесінің ұйымдастыруымен жас ақындардың Тәуелсіздікке арналған жүрекжарды туындыларын таныстыруға арналған «Тәуелсіздікке шашу» атты поэзия кеші, колледж жатаханасындағы студенттердің қатысуымен «Тәуелсіздік тәтті сый» мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Аталған барлық шараның қорытындысы ретінде колледж оқытушылары мен студенттеріне арналған салтанатты марапат шарасы өтті. Тәуелсіздік құндылықтарына арналған әрбір іс-шараның шоқтығы биік дегенмен, желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына арналған желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған митинг пен мерекелік авто-шеруге толығымен тоқталғым келеді. Митингке 200-ге жуық колледж студентері қатысты. Қатысушылардың әрқайсысының жанарында желтоқсаншы жастарымызға деген құрмет, көздерінде жастық күш, жігер байқалды.
Митинг Тәуелсіздікке ұмтылған желтоқсаншы жастарымызға құрмет көрсету, Желтоқсан оқиғасының маңыздылығы мен Тәуелсіздік құндылықтарын түсіндіру мақсатын көздеді. Шарада колледж директоры Сандуғаш Алматоваға сөз беріліп, Желтоқсан оқиғасының маңызына тоқталды. Сөз соң, Сандуғаш Оркенқызы, колледждің үздік студенттерін марапаттаумен жалғастырды.
Митиг бағдарламасында «Менің туым, менің Қазақстаным» тақырыбында би қойылымы жасалып, еліміздің әнұраны жанды дауыста орындалды. Жастарымыз Желтоқсан оқиғасының құрбандарына арнаған авторлық өлеңдерін оқып, жалынды сөздерін жолдады. Митинг соңында желтоқсан құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Саяси маңызды шара Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арналған авто-шеруге ұласты.
Авто-шеру «Менің туым, менің Қазақстаным» Республикалық бейне-челенжі шеңберінде ұйымдастырылды. Ұлттық рәміздерімізге деген ел құрметін арттыру, егемендігімізді мақтан етуге бағытталған авто-шеруге 20 автокөлік тартылып, барлық көліктің терезесінен ҚР Мемлекеттік туы желбіреді. 40 волонтер студенттер мен 60 колледж оқытушылары қатысқан шара барысында алдын ала бекітілген маршрут бағыты бойынша көліктер қаламыздың барлық көшелерін аралап шықты. Шеруге куә болған қала тұрғындары туымызға құрметпен қарап, шеруді тоқтап тұрып тамашалады. Бұл куәгер қала халқының әсері болса, шеруге қатысушылар осы шараның нәтижесінде Отанға деген сүйіспеншіліктерінің артқанын жарыса баяндады.
Челендж мұнымен аяқталған жоқ. Авто-шеруге қатысқан көліктер колледждің алдындағы алаңда 30 санын жазып, мерейлі мерекені атап өтуге өз үлестерін қосты. Осы тұста шараның сапалы өтуіне ат салысып, қолдау көрсеткен Арқалық қалалық полиция басқармасының жол полициясы қызметкерлері мен бейнематериалды квадракоптермен түсіруді ұйымдастырған қалалық «Жастар ресурстық орталығына» алғысымызды білдіреміз. Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын дейміз.
Гүлхашима ОРАЗОВА,
суретті түсірген
Дастан АЮБЕКОВ,
Арқалық қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.