Мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу тәжірибесінде балаларды екі-үш түспен және пішінмен таныстырып, балалардан оларды есте сақтап, дұрыс атауын талап ету сияқты ескірген беталыс әлі де кездеседі. Қазіргі заманғы зерттеулер көрсеткендей, мұндай оқыту баланың сенсорлық дамуына аз себеп болады, заттардың қасиеттері туралы ақпараттардың аясын шектейді. Онымен қоймай, әр түрлі қасиеттерді жаттау олардың басқа түрлеріне балалар назар аудармайды. Нәтижесінде қабылдаудың өзіндік қателіктері пайда болады: егер бала мысалы сары түсті білсе, бірақ қызғылт сары түсті білмесе, ол қызғылт сары түсті қателесіп, сары деп қабылдайды.
Үш жастағы балалар қарапайым өнімді әрекеттерді орындай алады (мозаика құрастыру, құрылыс материалдарынан қарапайым заттарды жинау). Бірақ ол кезде олар көрген заттар мен қолданылатын материалдардың қасиеттеріне аса назар аудармайды, өйткені олардың маңызын түсінбейді және оған назар салмайды. Сондықтан балаларды қарапайым тапсырмаларды орындауға үйрету кезінде, әр бала пішін, көлем, түс – заттардың тұрақты белгілері екендігін ұққан жөн. Үш жас кезінде балаларды сенсорлық тәрбиелеудің дайындық кезеңі аяқталады және ары қарай олардың сенсорлық мәдениетті жүйелі меңгеруін ұйымдастыру басталады. Үш жастан бастап балаларды сенсорлық тәрбиелеуде негізгі орында оларды жалпыға ортақ сенсорлық үлгілермен және оларды пайдалану тәсілдерімен таныстыру тұрады.
Балабақшадағы 2-3 жастағы балалармен сенсорика оқу қызметінде пайдаланылатын ойындар «Көліктерді гараждарға орналастыр» ойыны басты түстердің күнделікті айтылуын қалыптастыру, түсі бойынша көліктерді айыра білу, аталған түсті басқа үш түстерден айыра білу, грамматикалық жұмыстарды қалыптастыру – зат есімді түсті білдіретін сын есіммен салыстыруды үйретуге бағытталған. «Шырша және саңырауқұлақ» ойыны заттарды түсі бойынша реттеуді үйрету және сөйлесу қабілетін арттыруға бағытталған.
Түйсік сезімдерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар да бар. Олар: «Керемет қап», «сиап-сезу арқылы айыру» (бір белгісі бойынша заттарды айыру), «қуыршаққа орамал» (материалдарды түріне қарай айыру), «затты таны» (қапшықтан сұралған затты алып шығу), «жұбын табу» (балаға бірдей заттың екінші жұбын табу ұсынылады). Одан бөлек форма түсінігін бекітуге арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар: «көрсетілген форма бойынша затты тап» (балаға суреттердің ішінен берілген формаға ұқсас заттарды табу ұсынылады), «қандай фигуралардан тұрады?» (сурет бойынша қандай геометриялық фигуралардан құралғанын айтуы керек), «дәл осындай формадағы затты тап» (қоршаған ортасында нақты заттар бойынша форманы ерекшелеуге үйрету), «қай зат артық» (берілген төрт геометриялық фигуралардың ішінен артығын алып тастау, алып тастау қағидасын түсіндіру).
Балалардың мөлшер туралы түсініктерін бекітуге арналған: «Заттарды ұзындықтары бойынша қой», «ең ұзыны, ең қысқасы», «алуан түрлі кеселер» (кеселерді үлкен кішісіне қарай бір бірінің ішіне салғызу), «алыс, жақын» (суреттен қай зат жақын, қай зат алыс орналасқанын сұрау), «қай қорапқа» (берілген заттарды қораптың көлемдеріне қарай іштеріне салу). Түсті бекітуге арналған дидактикалық ойындар мен жаттығулар: «қай түс жоқ?», «мына зат қандай түсті?», «қандай түстер қолданылған?» (ұсынылған сурет бойынша) қолданылады.
Жанат ДОСПУЛОВА,
«Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
1-санатты тәрбиешісі,
Әулиекөл ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.