Білім мен ғылым – адамзат дамуының басты қозғаушы күші

Выпуск - №10(706)   :   16.03.2026
8988

Whats App Image 2026 03 15 at 18 04 57

Мектептердің білім сапасы, оқушылардың жетістіктері мен білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар – қоғам назарындағы маңызды тақырыптардың бірі. Осы орайда Амангелді ауданы білім бөлімінің басшысы Мұрат Дихамбаевты сөзге тарттық.


– Мұрат Сембайұлы, ауыл мектебінің әлеуетін арттыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Әңгімеміздің әлқиссасын осы бағытта Амангелді ауданының мектептерінде жүзеге асырылып жатқан жобалардан бастасақ.


– Мемлекет тарапынан ауыл мектептерінің сапасын арттыруға, оқушыларға тең мүмкіндік беріп, білім беру жүйесін біртұтас деңгейде дамытуға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Ауылдық және шағын жинақты мектептерді қолдау» жобасы аясында Амангелді жалпы білім беретін мектебіне «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры есебінен 250 млн теңге бөлініп, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы толық жаңартылды. Ал «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жаңа ауыл, Жасбуын, Ә.Боранбаев атындағы мектептерге және мектеп жанындағы интернат ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амантоғай, Жаңа ауыл, А.Нұрманов және Б.Қолдасбаев атындағы мектептер заманауи робототехника, химия, физика кабинеттерімен жабдықталды. Жалпы 14 білім ошағына 15 млн 400 мың теңгеге панельдік тақталар сатып алынды.

Өткен оқу жылында облыстық бюджеттен бөлінген 146 млн 350 мың теңгеге Н.Мейірманов, Б.Қолдасбаев, Степняк, Жалдама мектептерінде және магниттік мектептер желісін дамыту аясында Амантоғай, Жасбуын, Құмкешу мектептерінің оқу кабинеттерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осы тұста туған жерін дамытуға айрықша үлес қосып жүрген ауыл азаматтарының қолдауын атап өтпеуге болмайды. Меценаттардың демеушілігімен 7 мектептің жанынан заманауи спорт алаңдары салынды. Амантоғай жалпы білім беретін мектебіне Жеңіс Шаяхметов, Рүстем Болданов, Аман Қабжанов сынды азаматтар қолдау көрсетсе, Ә.Боранбаев атындағы мектепке кәсіпкер Сағидолла Аяпов робототехника кабинетін ашып берді. Бүгінде мектеп түлектерінің демеушілігімен ашылған отыздан астам оқу кабинеті, тарихи-өлкетану мұражайлары мен ұлттық өнер кабинеттері жас ұрпақ игілігіне қызмет етуде.


– Мұғалімдердің кәсіби дамуын қолдау, біліктілігін арттыру және жас мамандарды ынталандыру бағытында қандай жұмыстар жүргізілуде?


– Бүгінде педагог мамандығы қоғамдағы маңызды әрі сұранысқа ие кәсіптердің бірі. Соңғы жылдары бұл салаға түлектердің қызығушылығы да артып келеді. Бұған педагог мәртебесінің заңмен қорғалып, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау ықпал етуде. Қазіргі таңда ауданның білім беру ұйымдарында 556 педагог еңбек етеді. Оның ішінде еңбек өтілі үш жылға дейінгі 47 жас маман бар. Соңғы үш жылда білім беру ұйымдарына «Дипломмен – ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында 27 маман жұмысқа қабылданды. Мемлекет ұстаздардың еңбегін лайықты бағалауға және білім беру саласын дамытуға ерекше мән беріп келеді.

Мұғалімдердің кәсіби дамып, біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Былтырғы оқу жылында «Өрлеу» және «Өркен» орталықтары арқылы 121 педагог біліктілігін арттырды. Ал биыл 140-қа жуық мұғалімнің курстан өтуі жоспарланып отыр. Сондай-ақ Оқу-ағарту министрлігі жүзеге асырып жатқан «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бағдарламасы аясында ауданымыздан 5 педагог тағылымдамадан өтті. Оның ішінде 3 мұғалім мектеп директоры және директор орынбасары қызметіне тағайындалды. Өткен оқу жылында Б.Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп республикалық деңгейдегі «Үздік 100 мектеп» қатарына енді. Бұл – ауданымыз үшін ғана емес, облысымыз үшін де үлкен жетістік.


– Қазіргі оқушы – өзгермелі қоғамның белсенді мүшесі. Аудан көлемінде олардың шығармашылық, зияткерлік әлеуетін дамыту жолында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.


– Дарынды оқушыларды қолдау – басты міндеттеріміздің бірі. Бұл мақсатта мектептерде пәндік үйірмелер, ғылыми жобалар, дебат клубтары, сондай-ақ өнер және спорт секциялары тұрақты жұмыс істейді. Соның нәтижесінде оқушылар жүлделі орындарға ие болып, өңірдің абыройын асқақтатып келеді. Мысалы, биылғы қаңтар айында біздің Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника жарысында жүлделі орынға ие болды. Ал облыстық «Мектеп балалар көзімен» әлеуметтік жобалар байқауында аудан оқушылары «Smart School Space» жобасымен 3 миллион теңгені жеңіп алғанын ерекше атап өтсек ләзім. Былтыр осы байқауда Жасбуын мектебінің оқушылары экологиялық бағыттағы жобасы үшін 1 миллион теңге сыйақы иеленген болатын.

Жыл сайын ұйымдастырылатын облыстық және республикалық ауыл олимпиадалары, пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда оқушыларымыз жоғары нәтижелер көрсетіп отырады. Мысалы, «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының республикалық кезеңінде Б.Қолдасбаев атындағы мектептің оқушылары жеңіске жетіп, жоғары оқу орындарының білім гранттарына қол жеткізді. Мұнымен қоса А.Нұрманов, Н.Мейірманов, Б.Қолдасбаев және Жаңа ауыл мектептерінің шәкірттері республикалық білім додаларында жүлделі орындарға ие болып жүр. Жалпы, білім мен ғылым саласы – адамзат дамуының басты қозғаушы күші. Сондықтан жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу арқылы ғана қоғамның жаңа сапасын қалыптастырамыз.


– Білім беру саласында ата-ана, мектеп және оқушы арасындағы байланыс маңызды. Бұл үштағанның үйлесімді жұмыс істеуі үшін қандай тетіктер қолданылуда?


– Ата-аналар мен мұғалімдер бала тәрбиесінде тығыз байланыста жұмыс істеуі тиіс. Осы ұстаным негізінде мектептерде оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыру, балалардың бойына адами және ұлттық құндылықтарды сіңіру, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Тәрбие саласында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылып, оның аясында мектеп жанынан құрылған ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары тиімді жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде отбасы мен мектеп арасындағы байланыс біршама нығайды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қазақ ауылы» этножобасы аясында салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды насихаттайтын мазмұнды іс-шаралар өткізіледі. Бұндай жобалар оқушылардың тұлғалық дамуына және отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кешенді жүйе.


– Уақыт тауып, сұхбат бергеніңізге рақмет!


Сұхбаттасқан: Гүлім БАТЫР,
Суретті түсірген: Әділет НҰРАБАЕВ,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика мамандығының 4-курс студенттері

Наука без финансирования – это любительские поделки
Алексей БАЙНЯШЕВ: «Я заинтересован, чтобы мои научно-технические разработки находили применение в реальной экономике»
Полвека в гармонии с искусством, детьми и временем
Гульнара КУЧИКОВА: «Музыкальное образование воспитывает трудолюбие, дисциплину, ответственность и умение добиваться поставленных целей».
Детоцентризм: благо или беда современной семьи?
Ирина ПАРХОМЕНКО: «Проще позволить ребёнку делать то, что ему вздумается, чем убеждать и объяснять»
Горя на работе, не превратиться в «пепел»
Елена ПЕТРЕНКО: «К 40 годам эмоционально сгорают все учителя»

ГЛАВНЫЕ НОВОСТИ

Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар

5 дней назад в 13:48

Мәдениет

Путь, заданный великим учителем

6 дней назад в 14:44

Патриотическое воспитание

Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия

6 дней назад в 14:40

Профессиональное содружество

Эффективное взаимодействие педагогов и родителей

6 дней назад в 14:36

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

История первого детского сада Лисаковска

6 дней назад в 14:33

ДОШКОЛЬНОЕ ВОСПИТАНИЕ

Актуально

Реклама

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.

Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.