Бейімбет Майлин ауданының тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Абай үні, Абай лебі» атты оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Байқауға аудан көлеміндегі білім ордаларының оқушылары қатысты.
Іс-шара Абай шығармашылығын насихаттау арқылы жастардың қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген ықласын арттыру және еліміздің рухани бірлігін нығайту, сол арқылы патриоттық сезімін оятуға үлес қосуды көздеді. Әділ қазылар алқасы байқау қатысушыларының жұмысын бағалау барысында олардың көркем шығармаларды оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларының сақталуына, ән орындау шеберлігіне, сахна мәдениетіне, сонымен қатар қатысушының киген киімі таңдалған тақырыпқа сәйкес болуына қарап, соның негізінде 5 баллдық жүйе бойынша бағалады.
Тағылымды байқауға қатысушыларға әділ бағасын беретін қазылар алқасы сайланды. Олар: тілерді оқыту орталығының оқытушысы Маржан Нұрсейтова, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Гулнур Бобжикова және тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Жумабек Калмагамбетов. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шығарған қазы алқасының төрайымы Маржан Жұмағазықызы «Абай үні, Абай лебі» атты оқушылары арасындағы мәнерлеп оқу байқауына қатысушыларға ізгі тілегі мен ықыласын, Абай шығармашылығы – асыл сөздің мәйегі екенін тілге тиек етті.
Осылайша, шығармашылық салтанат құрған байқау нәтижесінде жүлделі I орынға 11-сынып оқушысы Әдемі Айтмағанбетова, II орынға 7-сынып оқушысы Әдемі Орақбай, ал III орынға 6-сынып оқушысы Айару Берік ие болды. Қалған қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары мен мадақтамалар табыс етілді.
Б.Майлин ауданының
Тілдерді оқыту орталығы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.