«Южный» кітапхана-филиалында «Бірге оқимыз, дауыстап оқимыз!» акциясы аясында №20 Мәриям Хакімжанова атындағы орта мектептің 5-сынып оқушылары үшін «Абайдың дана ойлары» атты оқу күні өтті.

Кітапханашы жиналған қауымға Абай Құнанбайұлының өмірбаянын баяндап, көпшілікке мәлім қара сөздерімен таныстырды. Іс-шараның қонағы Қостанай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің қызметкері Бауыржан Қасымқан Абайдың он бірінші қара сөзін оқып, ақын шығармаларының көркемдік құдіреті туралы ойымен бөлісіп, жастарға баяндап берді.
Абай атамыздың он бірінші қара сөзінде ұрлық туралы айтылған. XIX ғасырда жазылса да, қазіргі уақытта да «Біреудің ала жібін аттау» мәселесі өзекті болып тұр. Оңай олжа табамын деп біреудің мүлкін ұрлап, жеңіл ақшаға қол жеткіземін деп біреудің қаражатын заңсыз иемденіп жатқан адамдар елімізде баршылық. Олармен құзырлы орган өкілдері барынша күрес жүргізіп жатыр. Қылмыс жасағандар ұсталып, лайықты жазаларын алуда. Сондай-ақ осы қара сөзінде: «Қатын баласын сатып жүр», – дейді Абай. Өкініштісі сол, қазіргі қоғамда баласын өзгелерге сатып жүрген ата-аналар бар. Оларды да полиция қызметкерлері қылмыс үстінде ұстап жатыр.
Абай Құнабаев XIX ғасырда бізге заң бұзудан аулақ болу керек екенін жазып кеткен. Іс-шарамыздың қонағы да өз сөзінде ақшаны тек таза жолмен табу керектігін қадап айтты.Оқушылар Абайдың шығармасы бойынша Бауыржан Сейілқанұлына қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Артынша «Кім миллионер болғысы келеді» интеллектуалдық викторинасының сұрақтарына белсенді түрде жауап берді. Шара соңында «Абай шығармалары» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Алуа КАСЫМКАН,
Южный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.