Қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қазақстанда дәстүрлі түрде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл мереке қоғамдағы еңбек адамдарының қызметін дәріптеп, жастарды еңбекқорлыққа баулуды көздейді.
Еңбек күніне орай, Қостанай облыстық Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінде «Еңбек – елдің мұраты» атты шығармашылық алаң ұйымдастырылып, түрлі сала мамандары қатысқан тынымы мен тағылымы мол іс-шара өткізілді. Оған ҚР ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген қызметкері Ибраш Естайұлы, белгілі қолөнерші Зинеп Мұқашқызы, сондай-ақ тері бұйымдарын жасаушы шебер, ұстаз Айдын Мәлікұлы қатысты.
Қатысушылар аталған іс-шара барысында өзіндік тәжірибелерімен бөлісіп, еңбекқорлық пен кәсібиліктің маңыздылығына тоқталып өтті. Ибраш Естайұлы өз сөзінде Қазақстан Президентінің халыққа биылғы Жолдауындағы «Жұмысшы мамандықтары жылы» туралы бастамасын қолдай отырып, еңбек адамының қадір-қасиетін арттырудың маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, экономиканы дамытуда білікті жұмысшы мамандардың маңызы артып келеді. «Еңбек адамы – мемлекеттің негізін қалаушы тұлға, сондықтан жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру еліміздің өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына үлкен әсер етеді», – деді ол сөз сөзінде.
Жуырда дүркіреп өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұйымдастырылған «Аламан құрақ» жобасы да іс-шарамыздың маңызды тақырыбы болды. Зинеп Мұқашқызы осы жобаның қатысушысы ретінде қазақтың ұлттық құндылықтарын жаңғыртудағы рөліне тоқталды. Жалпы 450 ісмер бірігіп жасаған 11 мың 200 шаршы метрді құрайтын көрпеше – ұлттық өнердің әлемге танылуына септігін тигізген ерекше жоба болғаны рас. Ал, Айдын Мәлікұлы тері бұйымдарын жасаудағы тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық мұраларды жаңғыртуда атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндап берді.
Іс-шара барысында «Мирас» мәдениет үйінің әншісі Зарина Кульмухамбетова «Қазақ вальсі» әнін орындады. Тағылымға толы жиын соңында қатысушылардың еңбектері лайықты бағаланып, Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл іс-шара жастарды еңбекке ынталандырып, ұлттық өнер мен мәдениеттің қайта жаңғыруына маңызды қадам болды. Осйлайшы, «Еңбек – елдің мұраты» деген сөздің терең мағынасы тағы бір мәрте дәлелденді.
Ақерке АХАНОВА,
Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейінің
мұрағатшысы,
Қостанай қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.