Әдеби сөздің аса көрнекті шеберлері

Выпуск - №14(662)   :   11.04.2025
795

«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», – деп белгілі жазушы Әбіш Кекілбаев айтпақшы, кітапхана – құнды кітаптарды сақтайтын қасиетті мекен болса, кітапханашылар оқырмандарға түрлі бағыттағы іс-шараларды өткізуге байланысты көп жұмыс атқарады.

Жылдағы дәстүрге сай, кітапханамызда атаулы даталарға, мерейгер-жазушыларға арналған кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер жасалды. Жылдық кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелерді безендіріп тұрған мерейгер ақын, жазушылар туралы айту және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жай-жапсары мен оның биыл қандай талантты ақын, жазушыларға арналғанын кеңінен таныстыру мақсатында қаламыздағы Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 9–10-сынып оқушылары мен ұстаздарына «Әдеби сөздің аса көрнекті шебері» атты көрме таныстырылымы өткізілді.

1

Үстіміздегі жыл мерейтойлық даталарға толы. Соған орай кітапханада безендірілген жылдық көрме жеке-жеке таныстырылды. Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толады. Мерейтой иесіне арналған көрмеге оның шығармалары, ақын жайында жазылған естеліктер қойылған. Бұл көрме ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес және оқырмандар үшін кітаптары әркез жаңартылып, материалдары толықтырылып отырады. Былтыр көрме қазақтың үш арысы, талантты қаламгерлер – Б.Майлиннің, І.Жансүгіровтің және С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойларына арналса, биыл қазақ әдебиетінің алыптары С.Мұқановтың 125 жылдығы, Ә.Сәрсенбаевтың 120 жылдығы, І.Есенберлиннің 110 жылдығы және Ж.Молдағалиевтің 105 жылдығына арналып отыр.
«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бері жалғасын тауып келе жатыр. Былтыр аталмыш акция белгілі балалар жазушысы, көркем шығармалары ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын әдеби сөздің зергері Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына арналса, биыл оқырмандар назарына ақын Жұмекен Нәжімеденов пен жазушы, әдебиет сыншысы Тәкен (Тәңірберген) Әлімқұловтың шығармалары ұсынылып отыр. Жыл сайын Лисаков Орталық кітапханасы республикалық акцияға байланысты кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелерді безендіріп, ұсынылған ақын-жазушылардың шығармаларын топтастырып отырады.

2

Акцияның негізінде дайындалған тақырыптық кітап көрмесіне Жұмекен Нәжімеденовтің екі томдық шығармалар жинағы қойылған, оның бірінші томында өлеңдері жинақталған. Кітапқа бірнеше жыр топтары енгізілгенін де айта кеткен жөн. Ал «Аспан шақырады» атты кітабында әңгімелер, хикаяттар мен мақалалар жинақталған. Жазушының қызы Саида Жұмекенқызының қаламынан шыққан «Жұмекеннің жүрегі. Жұмекен Нәжімеденов туралы естеліктер» кітабы да кітап сөресінен орын алды. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қазақ әдебиетінің классигі Жұмекен Нәжімеденов туралы әр жылда жазылған естелік-жазбалар, екінші бөлімінде арнау өлеңдері, ал үшінші бөлімінде мақалалары топтастырылған. Ал «Жұмекеннен 100 өлең» атты жазушы Алмас Ахметбекұлының кітабында автор ақынның поэзиясына талдау жасай отырып, оның ауқымды еңбектерімен таныстырады.
Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында шығармалары ұсынылып отырған қазақтың тағы бір көрнекті жазушысы әрі көркем сөздің шебері, әдебиет сыншысы – Тәкен Әлімқұлов. Жылдық тақырыптық сөреге Тәкен Әлімқұловтың бірнеше томдық шығармалары қойылды. Аса көркем тілмен жазылған кітаптарының басым бөлігі прозалық шығармаларға: романдар мен повестерге, әңгімелер мен хикаяттарға арналған. Сан қырлы талант иесі әртүрлі тақырыптарға қалам тербей отырып, білімділігі мен білгірлігін, жан-жақтылығын танытады. Шығармаларына Қазан төңкерісінен кейінгі ауылда орын алған өзгерістер, сахара өмірінің сан қилы оқиғалары өзек болады.

3

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы бойынша Орталық кітапханада безендірілген тақырыптық көрме жыл бойы оқырмандар назарына ұсынылмақ. Көрменің оқырмандар үшін маңызы зор. Барша оқырмандарға бізбен бірге акцияға қатысып, бір дәуірде өмір сүріп, бірге үндескен екі жанның тырнақалды шығармаларын оқып, жан дүниелеріңізді байытыңыздар дегіміз келеді.

Әлия МАУЛЕНОВА,
Лисаков Орталық
кітапханасының кітапханашысы

Реклама

«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.

Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!

Школу-гимназию им. Абая г. Аркалыка и газету «Учительская плюс» связывают годы крепкой дружбы. Педагоги школы всегда проявляют искреннее желание подписаться на издание, ведь они горят своим делом и хотят публиковать статьи, транслируя свой опыт. Газета стала для нас незаменимой диалоговой площадкой, где каждый педагог может щедро делиться своим уникальным опытом, профессиональными открытиями и мастерством. Возможность сотворчества с такой авторитетной газетой для меня бесконечно ценна.