«Ағаштан түйін түйген шебер»

Выпуск - №8(556)   :   27.02.2023
794

Осындай тақырыпта «Западный» кітапхана-филиалында «Халық мәдениетінің көркемдігі» жобасы аясында мүсінші, суретші, қолөнер шебері Мұханбетқали Рахалиевпен М.Дулатұлы атындағы КИНЭУ кәсіпкерлік колледж студенттердің қатысуымен шеберлік сағат өтті.

Кітапханашы қатысушыларға қазақ халқының өміріндегі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнердің тарихымыздағы алатын орны туралы айтылып, олардың түрлеріне шолу жасап өтті. Артынша шарамыздың қадірлі қонағы, қолөнер шебері Мұханбетқали Рахалиев жалпы өмірбаянын айта отырып, қолөнер саласына қалай келгені жайлы ой толғап, жастарға толық мағлұмат берді. Шебер студенттермен әр жанрдағы шығармашылық ізденіс нәтижелерімен бөлісті. Студенттер домбыра жасауға арналған құралдармен және оның жасалу кезеңдерімен де толықтай танысты.

Тағылымды іс-шара аясында қатысушы студенттердің бірі қолөнер шеберінің қолынан шыққан домбырамен күй тартып берді. Артынша жиын М.Рахалиевтің домбырамен орындауындағы «Салдәурен» халық әнімен жалғасын тапты. Шара барысында студенттермен халық қолөнері туралы викторина өткізіліп, артынша студенттер қауымы шеберге ұлттық өнер, сонымен қатар заманауи қолөнердің даму бағыттары туралы сұрақтарын қойды. Тағылымды шара соңында жастар М.Рахалиевтің «Суретім менің – құдіретім» кітабымен танысты.


Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.