Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте ақын А.Құнанбайұлының 180 жылдығына орай қалалық ғылыми конференция өтті. Бұл іс-шара өскелең ұрпақтың рухани дамуына, Абай мұрасын тереңірек түсініп, ғылыми ізденістерін жетілдіруіне ықпал етті.
Аталмыш конференция барысында қала мектептерінің дарынды оқушылары өздерінің зерттеу жобаларын ұсынып, баяндамалар жасады. Олар ақынның шығармашылығын әр қырынан талдап, қанатты сөздеріндегі адамгершілік тәрбиесі, жастарға рухани бағыт-бағдар беру, Абай Құнанбайұлы философиясының қазіргі қоғамдағы маңызы сияқты тақырыптарға тоқталды.
Біздің Абай атындағы мектептің оқушылары да байқауда білімдері мен ізденімпаздықтарын танытып, жүлделі орындарды иеленді. Мысалы, «Абай афоризмдеріндегі адамгершілік тәрбиесі» тақырыбындағы зерттеуімен Диас Зейнетов (жетекшісі – Бисеналиева Гульзада Шаймардановна) II орынға, ал «Абай мұрасы – жастарға рухани тәрбие берудің негізі» баяндамасымен Назым Өтемұратова (жетекшісі: Шегенова Бахыткул Амантаевна) III орынға ие болды.
Конференция қатысушыларына арнайы дипломдар мен сертификаттар табысталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды. Сонымен қатар, әділ қазылар алқасының мүшелеріне Алғыс хаттар табысталды. Аталған іс-шара ғылыми ізденістер алаңы ғана емес, жас ұрпақтың ұлы ойшылдың мұрасын зерттеп, оны өмірлік ұстанымдарына айналдыруына мүмкіндік берген маңызды бастама болды. Конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті деуге болады.
Тағылымға толы іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан барлық ұстаздар мен қатысушыларға, қазылар алқасына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз. Абай Құнанбайұлының мұрасы – мәңгілік, ал оны дәріптеу – біздің ортақ міндетіміз.
Бахыткул ШЕГЕНОВА,
Абай атындағы жалпы
білім беретін мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі,
Рудный қаласы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.