А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 1 «А» сынып жетекшісі Альмагамбетова Гүлнар Шашубаевнаның және 1 «В» сынып жетекшісі Есжанова Анар Кошкинбаевнаның ұйымдастыруымен «Рақмет саған, Әліппе!» атты ертеңгілік өтті.
Әліппе – бүлдіршіндердің өмір жолында білімге бастайтын алғашқы баспалдақ. Әліппемен қоштасу мерекесіне А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының 1 «А» және 1 «Г» сынып оқушылары мен ата-аналар қауымы белсене қатысты. Мерекелік кеш барысында оқушылар келген ата-аналар мен қонақтарға өз білімдерін, өнерлерін көрсете білді.
Бұл күн барлық оқушылар мен олардың ата-аналары үшін ерекше мәнге ие болды. Балалар әліппені толық меңгеріп, алғашқы білімдерін көрсетіп, кеште өздерінің жетістіктерін паш етті. Әр бала білім алған әліппесінен үзінділер оқып, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін сахналап, сөздерді дұрыс әрі мәнерлі айтып көрсетуге тырысты.
Кеш барысында балалардың сүйікті әндері мен өлеңдері шырқалды. Бірнеше оқушы өздерінің шығармашылық нөмірлерін көрсетті. Мектеп-гимназия басшысының орынбасары Салтанат Мырзахметова бүлдіршіндерді құттықтап, әліппені сәтті аяқтағаны үшін құттықтау қағазын табыс етіп, білімнің ұзақ жолында сәттілік тіледі.
Ертеңгілік соңында оқушылар мен ата-аналар риза болып тарқасты. Саналы да тәртіпті әрі тәрбиелі оқушыларды дайындағаны үшін сынып жетекшіміз Гүлнар Шашубаевнаға ата-аналар атынан алғысымызды білдіреміз.
А.Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназияның 1 «А» сыныбының
ата-аналар ұжымы
Әліппемен қоштасу кеші – оқушылардың білім жолындағы алғашқы белесі. Кішкентай бүлдіршіндер қыркүйек айында білім ордасының табалдырығын имене аттағанда қолдарына ұстаған алғашқы оқулығы – «Әліппе» болса, бүгінгі күн оны ойдағыдай аяқтап, білім асуының алғашқы белесінен асып отыр. Әрине, бұл балалар үшін жетістік, жеңіс!
Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алары анық. Іс-шара барысында сол көріністің куәсі болдық. Тарыдай болып мектеп қабырғасына қадам басқан балаларымыз үшін Анар Кошкинбаевна анасындай.
«Әліппе» оқулығын аяқтау – алдағы білімнің шыңына бастайтын көп белестердің бірі. Мереке барысында оқушылар келген ата-аналар мен қонақтарға өнерлерін көрсетіп, білімге деген сүйіспеншілігін дәлелдеді. Әрбір өлең, әрбір ән – олардың талпынысы мен еңбегінің, ұстаздың шыдамдылығы мен табандылығының жемісі.
Ертеңгілік соңында мектеп директоры Қозбағарова Қарлығаш Серікқызы бүлдіршіндерді құттықтап, әліппені сәтті аяқтағаны үшін құттықтау қағазын табыс етіп, сәт-сапар тіледі. Ұстазымыз Анар Кошкинбаевнаға сыныптың ата-аналары ризашылықтарын білдіріп, оқушылар мен ата-аналар дән риза болып тарқасты.
А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның
1 «В» сыныбының ата-аналар ұжымы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.