Асыл ерлер ерлігі ұмытылмас

Выпуск - №7(604)   :   23.02.2024
502

Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. 

Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Жалпы «Ауған соғысының көздеген мүддесі не еді?», «Түпкі мақсатына жетті ме?» деген сұрақтарға жауап табу қиын. Себебі, бұл – бір елдің ішкі саясатына басқа елдің араласуынан туындаған соғыс. Біз оған еріксіз куә болдық, қатыстық, боздақтарымыз құрбан болды. Асыл ерлерді құрбан еткен – олардың интернационалдық борышы еді дедік... Шындығына келсек, олар тарих көшінде қалған саяси ойын мен тұрлауысыз мүдделердің құрбандары еді.

Бұл қасіретті оқиға 1978 жылы Ауғанстан жерінде «сәуір төңікерісі» атымен тарихта қалған, мемлекетті басқару билігі үшін таластан кейінгі төңкерістен туындаған. Сол сұрапыл соғыста басқа елдің мүддесін қорғап, қаншама боздақтарымыз қыршынынан қиылды. Статистикаға сүйенетін болсақ, 10 жылдың ішінде бас-аяғы Қазақ жерінен Ауғанстан әскерлері құрамында 22 мың 269 жауынгер интернационалдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қостанай облысынан Ауған соғысына аттанған 1864 адамның 44-і қаза тапса, 2-еуі хабарсыз кеткен.

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Абай негізгі орта мектебінің 5–9-сынып оқушыларының қатысуымен сол бір сұрапыл соғыстың куәгері болған Ауған соғысының ардагері, ауылымыздың құрметті азаматы Қайржан Уразаковпен кездесу өтті. Қайржан Тауырбаевич небәрі 19 жасында Отан алдындағы әскери борышын өтеуге аттанып, алдымен Түркіменстан жерінде, кейіннен Кеңес әскерінің интернационалдық әскер құрамында Ауғанстан елінің Құндыз қаласында Кеңес әскерінің артиллерия әскерлері құрамында 2 жылдан астам уақыт әскери борышын жалғастырады.

Оқушылармен кездесу барысында Қайржан ағамыз естеліктерімен, ауған жерінде басынан өткерген оқиғалармен бөлісіп, кездесу соңында жас ұрпаққа «Отанымыз тыныш, елімізде соғыс болмасын» деген ізгі тілегін білдірді. Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Назым Алпысбаева ардагерімізге: «Аяулы аға, уақыт тауып келгеніңізге рахмет! Сізге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін. Мектебімізге оқушылармен кездесуге уақыт бөліп келгеніңізге рахмет!», – деп алғысын білдірді.

«Туады ерлер ел үшін, өлмейді ісі мәңгілік» демекші, жауынгер-интернационалистердің ерлігін айту, бойындағы рухты жастарға тәрбиелік мәнде жеткізу, олардың бойына отансүйгіштік пен патриотизм сезімін сіңіру – бәріміздің ортақ міндетіміз.


Ақиық ХАЙРАТ,
Абай НО мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі,
Қостанай ауданы

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.