«Балалар бағының бағбаны»

Выпуск - №41(638)   :   18.10.2024
78

image


А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасы 2024 жылы республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында шығармалары таңдалған жазушы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай, «Балалар бағының бағбаны» атты жазушы бенефисін өткізді.


Іс-шара барысында оқушыларға балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты ақпарат берілді. Жазушының балалық шағы мен шығармашылығы туралы бейнеролик пен «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп, балалар викториналық сұрақтарға асқан белсенділікпен жауап берді. Іс-шара соңында оқушылардың назарына «Қазақтың дара жазушысы» тақырыбында кітап көрмесі ұсынылды.

Алмагуль СУЛТАНОВА,
Бибигуль АЖГАЛИЕВА,
А.С. Пушкин атындағы қалалық балалар
кітапханасының қызметкерлері,
Қостанай қаласы

Реклама

Не тот учитель, кто получает воспитание и образование учителя, а тот, у кого есть внутренняя уверенность в том, что он есть, должен быть и не может быть иным. Эта уверенность встречается редко и может быть доказана только жертвами, которые человек приносит своему призванию.
Если учитель имеет только любовь к делу, он будет хороший учитель. Если учитель имеет только любовь к ученику, как отец, мать, он будет лучше того учителя, который прочёл все книги, но не имеет любви ни к делу, ни к ученикам. Если учитель соединяет в себе любовь к делу и к ученикам, он совершенный учитель.