Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес орта мектептерде «Оқуға құштар мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Рудный қаласындағы А.Байтұрсынұлы атындағы ЖББМ кітапханасында да жоба аясында бірқатар іс-шаралар қолға алынған.
.jpg)
Мектеп кітапханаларында жұмыс жоспарына және «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру және отбасылық оқу мәдениетін дамыту бойынша іс-шаралар ұдайы өткізіліп тұрады. Жобаның маңызды міндеттеріне балалардың білім көзі ретінде кітапқа деген көзқарасын қалыптастыру, отбасылық оқу дәстүрін қалпына келтіру, кітапқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу жатады.
Мектеп кітапханасы түрлі жаңа әдіс-тәсілдер мен формаларды қолдана отырып, маңызды, қызықты іс-шара ұйымдастыру барысында оқушылармен танымдық әңгімелер, мерейгер-жазушылар кітаптарына шолу өткізеді. Бұл іс-шаралар оқырмандардың қоғамдық белсенділігін арттырып, кітап мәдениетіне баулиды. Атап айтар болсақ, «BOOKCROSSING» – өзара кітап алмасу акциясына арнайы орын белгіленіп, оқырмандар жыл бойына оқыған кітаптарымен алмасып отырады.
Кітап оқуға шабыттандыратын жобалардың бірі – «READx» жобасында оқушылар мен оқытушылар өз оқыған кітаптарын бейнебаян арқылы оқырманға насихаттайды. «Кітап оқу уақыты» белгіленіп, әр күні мектеп ұжымы мен оқушылар 15 минут уақытын кітап оқуға арнайды. Сонымен бірге әр түрлі салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылады. Сондай іс-шаралардың бірі мектепте «Book Dating» формасында ай сайын өткізіліп жатқан «Балалық шағымның кітабы» атты іс-шара.
.jpg)
Аталмыш шара аясында қаламызға танымал, еңбек жолында зор жетістікке жеткен тұлғалар бала кезде сүйіп оқыған, жетістікке жетуіне себепші болған, шабыттандырған шығармаларын оқушыларға оқып беріп, ой бөліседі. Ең алғаш бұл іс-шараның тұсауын мектебіміздің директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы Смагулова Гулжазира Гинятқызы кесіп, оқушыларға балалық шағында сүйіп оқыған ертегісін оқып берген болатын. Бұл жолғы қонағымыз облысымызға танымал тұлға, мемлекеттік қызметтер ардагері, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі, тіл жанашыры, зейнеткер ұстаз Жақсылық Какенов болды.
Жақсылық Какенұлы оқушылырға ұлы ғұламалар мен ойшылдар, ғалымдар мен педагогтердің кейінгі ұрпаққа өсиет ретінде жазып қалдырған кітап туралы айтқан қанатты сөздері мен пікір-пайымынан мысалдар келтіре отырып, бала кезінде оқыған кітаптарымен таныстырып, кітапхана мен кітаптың пайдасы және оны оқудың маңыздылығы туралы нұсқаулық берді. Білімге құштар, кітап сүйер қауымға оқығаныңды ыждаһаттылықпен түсініп қабылдау, көңілге түю, жадыңда сақтауға деген ой-пікірлерімен және көптеген кеңестерімен бөлісті.
.jpg)
Ағамыз өз сөзінде жас буынға Отанға адал болу, ұлттық өнер мен мәдениетті, әдебиет пен тілді құрметтеуге, салт-дәстүрді, атадан қалған рухани мұраны сақтау, білім мен техниканың дамуына үлес қосатын еңбекқор азамат болу керектігін де тілге тиек етті. Оқушылар да өз тарапынан ұстаздың өмірі мен еңбек жолына қатысты сұрақтарын қойып, зейнеткер ұстаздың өмірбаянымен танысты. Сонымен қатар құрметті қонағымыз Жақсылық Какенұлы мектеп кітапханасына ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазыналы, құнды кітабы мен Алаш ардақтысы жайлы жазылған естеліктерді сыйға тартты.
Гүлжан СЕРИКБАЕВА,
А.Байтұрсынұлы атындағы
ЖББМ кітапханашысы,
Рудный қаласы
Я с детства полюбила читать газеты, потому что они всегда были в нашей семье. И до сих пор, несмотря на обилие новых носителей информации, я больше всего люблю газету, особенно нашу, учительскую, за продуманный, взвешенный подход, за подробность и объективность, за особую атмосферу, которая возникает от неспешного листания страниц. И ещё нравится, что «Учительская плюс» входит в список изданий, рекомендованных министерством просвещения для размещения материалов аттестуемых педагогов. Это очень мотивирует!
«Учительская плюс» – это газета, которую читаешь не по обязанности, а с интересом. Здесь нет сухих отчётов. Есть живые истории учителей, полезные методические находки, опыт коллег со всей области. Каждый номер как подсказка и поддержка. Я очень люблю нашу газету за возможность рассказать о своей работе и узнать больше о работе своих коллег по всей области.
Спасибо редакции за то, что говорите с учителем на одном языке и вселяете веру в нашу профессию!