Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Балықшы бала

Выпуск - №3(500)   :   20.01.2022
366

«Балық аулау» десе көз алдымызға қармақ ұстаған қартаң шалдың бейнесі еріксіз елестейді. Ол қалыпты жайт. Бірақ Амангелді ауданында балықшы бала бар. Ол 5-сынып оқушысы ХАБИБОЛЛИН Олжас Ердаулетұлы.

Жасы кіші болса да, өзен басында өзін еркін ұстап, қармақты айырылмас серігіне айналдырған. Демалыс күндері Торғай өзені, Сарыторғай ауылына әкесімен балық аулауға барып, олжалы оралып, үй-ішіне өзіндік пайдасын тигізеді екен. «Жасым 10-да. Балық аулап жүргеніме екі жылдай уақыт болды. Балық аулаған өзіме ұнайды. Бұл іске баулыған, әрине, әкем Ердаулет. Ол кісінің балықшы туралы айтқан бір әңгімесі есіме түсіп тұр», – деп сөзін жалғап, әңгімесін баяндап берді:

– Өзен бойында жасы егде тартқан кісі балық аулап отыр. Қасына жүгіріп келген кішкентай бала оның балық аулағанын тамашалап, ұзақ жүрді. Шалдың балық аулау өнері керемет екен. Көп өтпей, ол шелегін толтырды да, қайтудың қамына кірісті. Сүйкімді баланың ойын қумай, мұнда жүргеніне таңғалып, қолындағы балық толы шелегін оған сыйлағысы келді. Бірақ бала басын шайқады. Сонда: «Неге алмайсың?», – деп сұрады шал. «Мен балықты емес, сіздің қолыңыздағы қармақты алғым келеді», – дейді бала. Шал болса: «Қармақты не істейсің?», – деп сұраса, бала: «Мына балықтарды бір-екі күнде жеп тауысамыз. Ал менде қармақ болса, өмір бойы балық жеп өтеміз ғой, өзім келіп балық аулаймын», – деп жауап берген екен.

«Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті» демекші, балықшы баланың осы әңгімесінің негізінде еңбекқорлықтың нағыз көрінісін байқаймыз. Сол сияқты біздің Амангелді ауданында да осындай еңбекқор, бала болса да үлкен азаматтардай ойлайтын кішкентайлар көп. Қазіргі заманның ойынынын емес, ой қуатын, асыр салатын емес, астарлы ой іздейтін заман екенін жас бүлдіршіндер түсіне білгені қуаныш емес пе?!


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» БЖШО,
Амангелді ауданы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.