Қостанай құрылыс колледжінің кітапханасында тілдерді дамыту ПЦК-ның апталығына орай «Ашық микрофон» атты іс-шара ұйымдастырылып, студенттер кітапхана қабырғасында өткен тағылымды кездесуге қатысты.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы ретінде мен, Кушегалина Айгүл Манапқызы және кітапхана меңгерушісі Вельгоша Галина Валентиновнаның ұйымдастыруымен өткен кездесуге Қостанай облыстық мемориалдық музей басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Халықаралық жыршы-термешілер мен айтыскерлер одағының мүшесі, «Даланың таза бұлағы» кітабының авторы Салтанат Өтелбаева арнайы шақырылды. Тағылымды кездесуге 12-топ ҒҚСП-1 және 7-топ ГҚЖЖҚП-4 студенттері қатысып, көкейлеріндегі қызықтырған сұрақтарын қоя білді. Кездесуде Салтанат Амантайқызы студенттердің сұрақтарына толық әрі тұшымды жауап беріп, «Даланың таза бұлағы» атты өзінің авторлық кітабымен таныстырды.
– Қазақстанның ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы кітап былтыр жарық көріп, тұсаукесері этнограф ғылымның туған күніне орайластырылды. «Даланың таза бұлағы» басылымның беттерінде Ы.Алтынсарин туралы осы уақытқа дейін белгісіз тарихи және өмірбаяндық деректер жарияланған. Олар мұрағаттық құжаттар мен ғылыми экспедицияларды зерттеу кезінде жиналды. Ағартушы туралы жаңа мәліметтер бірнеше ай бойы жиналып, олардың барлығы кітапқа енді. Ол 5000 дана тиражбен екі тілде шығарылды. Материалды зерделеу барысында біз алғаш рет Ыбырайдың атасы Балқожа бидің суретін таптық. Ол кітап беттерінде жарияланған. Сондай-ақ Балқожа бидің баласына айтқан ақылы, бұрыңғы «Үміт еткен көзімнің нұры балам» деген өлеңі бар еді ғой, бұл жерде ерекше басқа бір көлемді шығармасы, бұл күнге дейін түсініксіз және еш жерде жарияланбаған туындысы беріліп отыр, – деп қорытындылады сөзін.
Салтанат Өтелбаева Қостанайға ғана емес, Қазақстанға белгілі айтыскер ақын. Өткізілген іс-шарада Салтанат Амантайқызы Рудный қаласында «Жарқ еткен жарқын бейне» атты өткен айтыстан кішігірім бейнеролик көрсетіп өтті. Іс-шараның соңында 4-курс студентті Диас Сабит Ыбырай атамыздың «Әй жігіттер» деген өлеңін оқып берді. Келелі әңгіме барысында Салтанат Амантайқызы студенттерге өзінің ақыл-кеңесін айтып, жақсы білім алуларына тілекші болды. Әңгіме соңында ол студенттерді Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсариннің мемориалдық музейіне шақырды. Студенттер Салтанат Амантайқызына шын жүректен шығармашылық табысқа жете беруін тілеп, кездесуге қатысып, тағылымды әңгіме өрбіткені үшін алғыс білдірді.
Айгүл КУШЕГАЛИНА,
Қостанай құрылыс колледжі
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің оқытушысы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.