Учительская плюс

Областная еженедельная общественная информационно-образовательная газета
Календарь
08/11/26 Воскресенье

Домбырасыз сән қайда?

Выпуск - №15(563)   :   22.04.2023
852

Қостанай қаласындағы «Западный» кітапхана-филиалында «Халық мәдениетінің көркемдігі» жобасы аясында «Күмбірле, күй-домбыра» тақырыбында домбырашылар байқауы өтті.

Тағылымды іс-шараның басында кітапханашы қазақ халқының арғы замандағы ән өнері, күй өнері туралы толық мағлұмат берді. Байқауға №17 мектептің домбыра үйірмесіне қатысушы оқушылар Ерлан Серік, Ерболат Гиса, Нурдаулет Махмутов (жетекшісі Алмас Шалтыков) және №18 мектеп-гимназияның оқушылары Алпамыс Тоғызбай және Тамерлан Нұртай (жетекшісі Азамат Мұқатов) қатысты. Қатысушылардың өнеріне мүсінші, суретші Мұханбетқали Рахалиев және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушысы Наурызбай Әмірхамзин әділ бағасын беріп, байқауда төрелік етті.

Бағалау шарттары бойынша қатысушылардың орындаушылық шеберлігі, күйдің көркемдік деңгейі, сахнада өзін ұстау мәдениетіне де мән берілді. Домбырашылар байқауына қатысушылар «Көреғұлы», «Балбырауын», «Ерке сылқым», «Келіншек» күйлерін орындады. Сайыс соңында сайыскерлердің орындау шеберлігіне байланысты қазылар алқасы әділ бағасын беріп, «Үздік орындаушы», «Көрермен көзайымы», «Үміт» және «Көркем орындаушы» номинацияларымен марапаттап, сыйлықтар ұсынды.

«Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған», – деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші? Күй – қазақтың ежелден келе жатқан өнері. Қыл қобызын беу-беулетіп, қос ішегіне тербеткен халық, әрқашан осы өнерді пір тұтқан. Саз әуенімен жүрек сырын, ел тағдырын бейнелеген. Қазақта күйші алуан түрлі болған. «Сүт емген» күйшілер бесіктен белі шыққаннан, осы өнерді құрметтеп өскен. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан өнерді ұмытпаған. Сол ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған мұраны жалғастыру – жас ұрпақтың асыл міндеті.


Шолпан АБИЛЬТАЕВА,
«Западный» кітапхана-
филиалының қызметкері,
Қостанай қаласы

Реклама

Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.

Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.