Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!» тақырыбында қала мектептері арасында көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.

Тәуелсіздік – қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Еліміздің Тәуелсіздігі – ең алдымен, халқымыздың бақыты. Міне, мемлекетіміз егемендікке қол жеткізіп, дербес елге айналғанына биыл 30 жыл толып отыр. «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық!» бағдарламасы шеңберінде өткізілген байқаудың мақсаты – поэзия саласында дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету.
Көркемсөз оқу байқауына мектеп жанындағы лагерьлерден 11-16 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Әр оқушы байқаудың ережесіне сәйкес белгілі ақындардың туындыларын мәнерлеп, жатқа айтудан бақ сынасты. Қазылар алқасы талапкерлердің өнерін бағалау барысында олардың өлеңді таңдау талғамына, шығарманың көлеміне, қатысушының дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, актерлік шеберлігі мен костюмнің үндесуіне де баса назар аударып отырды.
Байқау нәтижесінде Ш.Уәлиханов атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы Ақмаржан Төлеуова жүлделі 1-орынды иеленді. Ал 2-орынға Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы Әдемі Амантай тұрақтаса, Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушысы Инабат Нуриева 3-орынды қанжығасына байлады. Мәнерлеп оқу байқауы барысында белсене қатысқаны үшін Бейімбет Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Аружан Жаңбыршинова мадақтамамен марапатталды. Байқауға қатысқан оқушылардың барлығына арнайы мадақтама мен сыйлықтар табысталды.
Арай ТЕМІРБЕКОВА,
Абай Құнанбаев атындағы
мектеп-гимназия жанындағы
«Ақ желкен» сауықтыру
демалыс лагері, «Сәлем»
үйірмесінің жетекшісі,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.