Қостанай ауданына қарасты Мичурин ауылдық округінде Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды еске алуға арналған стелаға гүл шоқтары қойылып, олардың ерліктері туралы айтылды.

Ұлы Жеңіс күні – әр отбасы үшін қастерлі мереке. Өйткені, соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әрбір шаңырақта соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сол сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат сұм соғыстың құрбандарын әрдайым үлкен құрметпен еске алады.


Жеңіс күніне орай өткізілген іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары мен педагогтері, Ардгерлер кеңесі қатысты. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Жиында Мичурин ауылдық округінің әкімі Балтабек Жумагалиев сөз сөйлеп, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардың ерлігін әрдайым жадымызда сақтап, ұмытпауымыз керек екенін қадап айтты.

Артынша мектеп оқушылары соғыс туралы өлеңдерін оқып, патриоттық бағыттағы әндер шырқады. Жеңіс күні – қасиетті де қастерлі мереке. Аға ұрпақтың ерлігін мәңгілікке есте сақтауға арналған ең қастерлі де мәртебелі мереке. Бұл – аға буын өкілдерінің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Сондықтан ешқашан ұмыт болмай, батырларымыздың ерлік істері жас ұрпаққа насихаттала бермек.
Ерасыл ҚАЗЫБАЕВ,
Мичурин ЖББ мектебі
директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары,
Мичурин ауылдық клубының
мәдени ұйымдастырушысы,
Қостанай ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.