Үстіміздегі жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланғалы бері еріктілер қозғалысы дамудың жаңа сатысына көтерілді. Атаулы жылдың жабылу салтанатына орай Амангелдідегі Қ.Әбенов атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Barimiz birge» еріктілер слеті болып өтті.

Амангелді ауданында Жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған «Бәріміз бірге» еріктілер клубы жұмыс істейді. Олар аудандағы барлық салаға ат салысты. «Еріктілер жылының» жабылуына орай өткен слет барысында Қарағанды облысынан келген қонақтарымыз «Azamat» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қарағанды облысы бойынша «Birgemiz:Bilim» жалпыұлттық жобасының жетекшісі Рахымбек Дәурен Берікбайұлы, «V-поставщик» ЖШС директоры Шипилов Вадим Геннадьевич, Арқалық қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Ахметжанов Амангелді Серікұлы аудан жастарымен тренингтер өткізіп, жастар саясаты, еріктілерге жасалған мүмкіндіктер жайында әңгіме өрбітті.
Жастар саябағына еріктілермен бірге «Taza alem» бағыты бойынша «Таза әлем үшін» экоакциясы өтіп, ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Слет соңында «Еріктілер жылы» аясында ауданымыздағы жалғызбасты қарт адамдарға, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға және басқа да мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетіп, еріктілік қызметке араласқаны үшін бірқатар мекемелер мен белсенді жастар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Атап айтар болсам «Жұпар» балабақшасының ұжымына, «Бәріміз бірге» еріктілер клубының мүшелері – жеке кәсіпкер Гүлім Құдабаева, Ернар Сапабек, Асылан Қонысбай, Медет Атамбаев, Әйгерім Бауыржанова және Ақниет Бәкіровалар марапатталды.

Ал ауылдық округтерден Қабырға ауылының еріктісі Жәнібек Шибутов, Байғабыл ауылының еріктісі Ернұр Тілеубай, Қарасу ауылының еріктісі Еламан Құлахметов, Үрпек ауылының еріктісі Шыңғыс Қабдрахманов, Тасты ауылының еріктісі Аян Қойгелдин, Құмкешу ауылының еріктісі Алла-Оңғар Серікбаев, Ақсай ауылының еріктісі Дәурен Жақсылық, Үштоғай ауылының еріктісі Жігер Арыстанбектің жасаған ісі еленіп, мерейі үстем болды.


Әнет ЖҰМАБЕК,
«Шұғыла» балалар мен
жасөспірімдер шығармашылық
орталығының көркемдік жетекшісі,
Амангелді ауданы
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.