Хәкім Абайдың даналығын, даралығын насихаттау аясында әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Ұлы Абай – халық жүрегінде» тақырыбында республика көлемінде алғаш рет ұйымдастырылған диктант.

Қазақтың кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандығы жолындағы қажымас күрескері – Абай бүгінде бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ», – деп жазған Ахмет Байтұрсынов. Диктант шарасының мақсаты – ақынның мұрасын кеңінен насихаттау және жазу мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Жалпыреспубликалық диктантқа еліміздің түкпір-түкпірінен бір мезетте бірнеше мыңдаған адам қатысты. Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Арқалық қаласында да өтті. Аталмыш диктантқа қаламыз бойынша 3500-ден аса адам, оның ішінде «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасынан 18 адам қатысып, сауаттылық деңгейін тексеру мүмкіндігін алды. Абайдың қара сөздерінен құрастырылған диктанттың мәтіні 145 сөзден тұрды. Балабақша қызметкерлері елімізде болып жатқан карантиндік режимнің талаптарына сай арақашықтықты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, диктант жазуға бір кісідей ат салысты.
Жалпыреспубликалық диктанттың қорытындысы бойынша балабақшамыздан қатысқан қызметкерлердің арасында ерекше көзге түсіп, жазу сауаттылығының жоғары деңгейін көрсеткені үшін балабақшамыздың әдіскері Бақыткүл Едиресова Алғыс хатпен марапатталды. Сауаттылық деңгейімен жоғары нәтиже көрсеткен әріптесіміз үшін қуаныштымыз. Әрқашан тек биіктерден көрінуіне тілектеспіз. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығын насихаттауды көздеген осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса, ақыннның мәні мен маңызы зор еңбектері ешқашан да ұмытылмайды.
Гаухар КЕНЖЕБАЕВА,
«Алпамыс» б/б тәрбиешісі,
Арқалық қаласы
Как говорил Ахмет Байтурсынов, «изначально газета – глаза народа, его уши и язык. Как человеку необходимы глаза, уши и язык, так и народу нужна газета». В этом смысле считаю газету «Учительская плюс» одним из передовых изданий нашей области. Потому что здесь не только учителя, но и ученики, студенты, а также их родители могут найти самую необходимую информацию. А для учителей в особенности «Учительская плюс» является платформой для развития профессиональных навыков и обмена опытом.
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.