Бүгінгі қоғамымызда белең алған күрделі әрі маңызды мәселелердің бірі – тамақтану мәдениетіміздің төмендеп, жастардың денсаулығына кері әсерін тигізуі. Мамандардың айтуынша, фаст-фуд және энергетикалық сусындар әдеттенуді туғызады.
Жасөспірімдер мен балалар сол жедел дайындалатын тағамға тәуелді болып қалады. Әлемде өткен дәуірдің 80-90-шы жылдары «Жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын мәдениет қалыптасқан болатын. Бұл денсаулыққа зиян жедел тағамдарға жататын пиццалар, гамбургерлер, қуырылған чипсілер, газдалған сусындар. Яғни, бұлар – майлы, қуырылған, газдалған. Жас организмді түрлі салмақ арту, гастрит, қант диабеті, семіздік сияқты қауіпті дертке шалдықтырады.
Алыстан «менмұндалап» тұратын, иісі мұрын жаратын тағаммен жүрек жалғап алуға бәрі құмар. Ал, энергетикалық сусындар – адамға күні бойы қуатты әрі сергек болуға көмектесетін танымал тәсіл. Олардың құрамында белсенділік деңгейі мен зейінді арттыру және жақсартуға көмектесетін кофеин, таурин, гуарана және басқа да түрлі ынталандырушы ингредиенттер бар. Ең алдымен, энергетикалық сусындарда кофеин көп, бұл жүйке ауруына, ұйқысыздыққа, жүрек проблемаларына және қан қысымының көтерілуіне, сонымен қатар тәуелділікке әкелуі мүмкін. Әсіресе, студенттер мен оқушыларымыздың арасында олардың саны күн санап белең алуда.
Аталған тағамдардың құрамында қоректік витаминдер болмайды, керісінше қоректік қуатының калориясы өте жоғары мөлшерде. Сол себепті, адамды түрлі ауруларға душар етеді. Сол себепті де, оларды «қоғам дерті» десек, артық болмас. Мамандар осы мәселеге қатысты қанша дабыл қаққанмен, нәтижесі аз болып тұр. Осынау тақырып бізді де алаңдатпай қоймады. Мектебімізде «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлттың денсаулығы» тақырыбында онккүндік өтті. Әлеуметтік педагог Ж.Буркитова мен медбике Д.Кобдикова «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы» тақырыбында 3–9-сынып оқушыларына диктант жазғызса, педагог-психолог В.Кабиева «Вредные продукты и привычки» тақырыбында 5–9-сынып аралығында энергетикалық сусындар және вейп туралы пікір алмасу іс-шараларын ұйымдастырды.
Ал, сынып жетекшілер болса «Саламатты өмір салты» тақырыбында сынып сағаттарын өткізіп, буклеттер мен брошюралардан құралған көрме ұйымдастырды. Осы онкүндікте оқушыларымыз түрлі іс-шараларға белсене атсалысып, тағамның зияны мен пайдалы жақтарын ажырата білді. Сондықтан, мен қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды абайлап жеген дұрыс екенін айтар едім. «Ауру астан...» деген дана халқымыздың сөзі бекер емес екенін есте ұстаған жөн.
Ләззат МАХАТОВА,
№8 негізгі мектептің
ағылшын тілі мұғалімі,
Арқалық қаласы
Я непоколебимо верю, что наука и мир восторжествуют над невежеством и войной, что народы сойдутся друг с другом не для разрушения, а для созидания, и что будущее принадлежит тем, кто сделает более для страждущего человечества.
Величайшие открытия рождаются из простых наблюдений, если смотреть на мир с пытливостью ребёнка.
Наука должна служить людям, а не оставаться в стенах академий. Наука не имеет родины, потому что знание принадлежит всему человечеству.
На той ступени развития, которой мы достигли и которая обозначается именем «новейшей цивилизации», развитие наук, быть может, ещё более необходимо для нравственного благосостояния народа, чем для его материального процветания.
Учитель – это светоч нации. Ежедневным кропотливым трудом каждый из вас вносит неоценимый вклад в развитие страны. Вы сеете семена знаний в молодые сердца и растите мыслящую нацию. Ибрай Алтынсарин говорил: «Превыше всего я ценю хорошего учителя». Педагог – ключевая фигура в построении будущего страны, поэтому ему должно быть отведено достойное место в обществе.