«Костанай-АГРО» газетіне – 15 жыл!

Выпуск - №41(638)   :   17.10.2024
139

15-2

Л.Н. Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың Өлкетану әдебиеттері бөлімі «Костанай-АГРО» газетінің құрылғанына 15 жыл толуына арналған мерейтойлық кеш өткізді.
Кездесуге Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика факультетінің студенттері мен оқытушылары қатысты. Іс-шараға газеттің директоры әрі бас редакторы Менсулу Малаева, бір жылдары газеттің бас редакторы қызметін атқарған Татьяна Деревянко, газеттің беттеушісі әрі дизайнері Виталий Клец және әмбебап журналист Василий Васильев арнайы қатысты. Кездесуді кітапханашы мынадай жақсы бір сөзбен бастады:

15-3

«Апта сайын қолыңызға газеттің кезекті санын алғанда оның артында қандай жұмыс пен қанша кісінің еңбегі жатқанын аса қатты ойлана бермейтініміз рас. Осы журналист мамандардың арқасында расталған әрі оперативті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігіміз бар. Газет жұмысы журналист немесе редакторға ғана байланысты емес, осынау ауқымды процестің артында материалды сапалы суретпен қамтамасыз ететін фототілші, қатені көзден таса қалдырмайтын корректор, газеттің сыртқы келбеті мен дизайнына жауапты беттеуші мамандардың қажырлы еңбегі байқала бермейтіні рас».

15-5

Іс-шара барысында газеттің құрылу тарихы, оның аймақтағы ауыл шаруашылығы саласындағы маңызы және ақпарат таратудағы рөлі жайлы кеңінен айтылды. Бас редактор газеттің алғашқы шығарылымдары мен қазіргі жағдайы туралы баяндап, оқырманға ұсынылатын материалдардың сапасын арттырудағы ұжымның еңбегін ерекше атап өтті.

– Тархтан бір ерекше жайтты баяндап берсем деймін. 2009 жылы тамыз айында газеттің 24 беттік алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда штатта журналист жоқ, өздеріңіз сияқты жас студенттер жұмысқа шақырылды. Сол кезде газеттің негізін қалаушы әрі бас редакторы Ләззат Мақсұтқызы баслымының алғашқы санын толықтай өзі жазып шыққан екен. Еңбекқорлығына таңғалдым. Сондықтан, газеттің бүгінде өзінің лайықты орынын алып отырғаны сол кісінің арқасы, – деді Менсулу Курганбековна.

15-1

Журналистиканың қазанында қайнап жүрген мамандар тәжірибелерімен бөлісіп, өз жолдарын қалай бастағандары, кәсіби қиындықтарды қалай жеңгендері туралы айтып, болашақ мамандарға ақыл-кеңестерін берді. Әсіресе, ауыл шаруашылығы тақырыбының маңыздылығын түсіндіріп, осы саладағы журналистиканың ерекшеліктеріне тоқталды. Іс-шара аясында студенттермен газеттің тарихына қатысты шағын викторина өткізіліп, дұрыс жауап берген жастар газеттің серіктестері мен 15 жылдық мерейтойға арналған кішігірім кәдесыйларға ие болды.

15-4

Басқосуда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына қарамастан, қағазға басылған газет-журналдарға деген сұраныс жоғалмайтыны баса айтылды. Жиын соңында «15 жылдық жетістік» атты «Костанай-АГРО» газетінің тарихына, жеткен жетістіктеріне арналған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Жамал ШАУКЕН,
суретті түсірген автор

Реклама

Я спросил у посла Японии, каким образом его страна сумела так быстро достичь высокой степени развития, стала играть в мире столь важную роль? Мне очень понравился ответ посла: «Японцы верили, что единственный способ поднять страну – это дать своим детям лучшее образование, чем они имели сами, самым важным для них было уйти от своего положения крестьян и получить образование. Поэтому в семьях огромные усилия прикладывались к тому, чтобы поощрять детей хорошо учиться в школе, чтобы они могли чего-то достичь. Из-за этого стремления постоянно чему-то учиться, через систему образования распространялись новые идеи из внешнего мира. Это одна из причин быстрого развития Японии».

Всевозможные разновидности книги как объекта не изменили ни её назначения, ни её синтаксиса за более чем пять веков.
Книга – как ложка, молоток, колесо или ножницы. После того, как они были изобретены, ничего лучшего уже не придумаешь. Вы не сделаете ложку лучше, чем она есть…
В XVI веке венецианскому печатнику Альду Мануцию пришла в голову великая идея сделать книгу карманного формата, которую гораздо легче возить с собой. Насколько я знаю, более эффективного способа перемещения информации так и не было изобретено. Даже компьютер со всеми его гигабайтами должен быть включен в сеть. С книгой таких проблем нет. Повторяю: книга – как колесо.

Пн
Вт
Ср
Чт
Пт
Сб
Вс
31
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
1
2
3
4