Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл күндері бұл көкейтесті мәселелердің біріне айналып отырғаны рас.
.jpg)
Бүгінгі жас – елдің ертеңгі болашағы. Олар елімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігі жолында қызмет етуі тиіс. Ол үшін әрбір жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың жарастығын аман сақтай білудің қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-жақты сезіну керек. Қылмыстың алдын алудың бірден-бір жолы – оқушылардың мектептен тыс уақытта қосымша біліммен қамтылуын дұрыс ұйымдастыру. Қоғамдық тәртіпті бұзған, ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі қолайсыз отбасылардан шығатыны рас. Ал енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше жіберіп, мектептен тыс уақыттарында немен айналысып жүргендерін қадағаламауының салдары.
Сондықтан жас ұрпаққа берілер құқықтық тәрбие – тәрбиенің маңызды бір саласы саналады. Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектепте ата-аналар жиналыстары, дәрістер, заң қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер, ұстаздар тәжірибесімен ой бөлісулер, пікірталастар мен дөңгелек үстелдер сияқты ата-аналармен тығыз байланыстағы жұмыс жолдары жоспарға сәйкес өткізілуде. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасап отырса, жасөспірімдер арасында болатын құқықбұзушылық пен қылмыстың болмауына көп септігін тигізер бірден-бір себеп болатын еді.

Нақтылар болсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықтың не екенін ұғынады және оның санасы қалыптасып, дамиды. Құқықты ұғынумен қоса тұлғаны заңды құрметтеуге, қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заңның әділдігіне сендіру – құқықтық сананың негізгі белгілері саналады. Осылайша оқушыларды құқықтық тәрбиелеу – отбасынан және мектеп табалдырығынан бастап жүзеге асады. Жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеп қою ғана жеткіліксіз. Ол үшін ұлттық идеологияны күшейтіп, халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дархан пейілін, ұлтжандығын, қайсарлығын насихаттап, көрсете білуіміз керек.
Өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарын пайдалана біліп, қатыгездіксіз өмірлерінің сақталуы жолында аянбай еңбек ету – біздің басты парыз. Сондықтан да жаһандану үрдісі басым болып, батыстық өркениетке еніп келе жатқан қазіргі кезеңге жас жеткіншектерді жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухы негізінде тәрбиелеп, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік. Сонда ғана жоғарыда айтылғандар жүзеге асып, туған жерін шексіз құрметтеп, абыройын асқақтата алатын жалынды жастарды тәрбиелеу мүмкіндігі туады.
Әйгерім ӘМІРОВА,
Абай НО мектебінің
әлеуметтік педагогі,
Қостанай ауданы
Би өнерінің бәйгесінде оза шапқандар
Заңды білеміз, тәртіпті сақтаймыз, әділдікті жақтаймыз!
Как меняются трёхлетки и что с этим делать
Путь, заданный великим учителем
Роль профсоюза в сохранении культурно-исторического наследия
Около 10 лет я выписываю «Учительскую плюс» и стараюсь всё интересное донести до её читателей. В нашей школе хороший, творческий коллектив, проводится много мероприятий, заслуживающих внимания, и я очень рада возможности рассказывать о них на страницах газеты, показать, что мы хоть и сельская школа, но от городских не отстаём, работаем ярко, увлечённо. И в этом нам тоже помогает любимая газета. Сотрудничество с «Учительской плюс» действительно большой плюс для всех педагогов, особенно тех, кто стремится к профессиональному росту, к творческому самовыражению.
Мне интересно не только самой написать об уроках, педагогических открытиях, проектах нашей школы, но и почитать и других авторов, узнать, как живут, как работают мои коллеги в других уголках области, чтобы что-то новое, эффективное использовать в своей деятельности. Я с удовольствием читаю всё, каждую страницу, а особенным удовольствием – красочные материалы про детей. «Учительская плюс» для педагогов области – газета №1. Особенно теперь, когда её публикации учитываются при аттестации.